12.01.2017, 11:41 4330

Кентау қаласыныӊ әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында 9 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінді

2017 жылға Кентау қаласыныӊ әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 9 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінді.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылға Кентау қаласыныӊ әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 9 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы өндірісі дамыған шаһарға арнайы іссапармен барған Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊір басшысы алдымен қаладағы №5 Жылу орталығында болып, қысқы маусымдағы жылу беру жұмыстарымен танысты. Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және қосымша электроэнергия өндірумен айналысатын мемлекеттік мекеме 326 көпқабатты тұрғын үй, 2010 жеке үй, 350 коммерциялық нысан және 92 бюджеттік мекемені жылумен қамтамасыз етеді. Мұнда 397 адам жұмыс істейді.

Ж.Түймебаев бұдан кейін елімізде электромотор, генератор және трансформатордыӊ 400-ден астам түрін шығаратын Кентау трансформатор зауытын аралап көрді. Кәсіпорын қазіргі таӊда шығарып жатқан өнімініӊ 45 пайызын Орталық Азия елдеріне шығарады. Мемлекет қолдауымен өндірістіӊ қуаттылығы артып, жаӊа заманауи технологиялар өндіріліп жатыр. Жоғары кернеулі трансформатор құрастыруға қол жеткізген зауыт өнімдерініӊ 40 пайызы шет елдерге экспортталуда.

Келесі кезекте облыс басшысы барған Кентау қаласыныӊ индустриялды аймағында бүгінде жалпы құны 1878,5 млн. теӊгені құрайтын 5 жоба жүзеге асыру қолға алынған. 4,85 га жер теліміне орналасқан "ЮгЭлектроПривод", "Электродеталь", "Бесқасқа" жауапкершілігі шектеулі серіктестері мен "Е.Ауэзов", "Кенмед" жеке кәсіпкерліктерінде 125 жаӊа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар облыс әкімі Жастарға қызмет көрсету орталығы орталығында болып, қалалық "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыстарымен танысты. Мұнда "Жайдарман" КВН лигасымен бірге би, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі үйірмелері, "ОҚЫ" кіші кітапханасы жұмыс істейді. Орталықта жастарға психологиялық және құқықтық кеӊес беретін психологтар мен заӊгер кеӊесшілер де бар.

Іссапар соӊында Ж.Түймебаевтыӊ төрағалығымен Кентау қаласыныӊ әлеуметтік экономикалық даму жағдайы бойынша мәжіліс өтті. Өзекті мәлелелер талқыланған жиында шаһар басшысы И.Мақұлбаев пен оныӊ орынбасарларыныӊ есеп берді.

Облыс әкімі шаhардағы нысандарды аралау барысында көптеген проблемалардыӊ бар екендігіне көз жеткізгендігін айтып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытындағы бірқатар индикаторлық көрсеткіштер орындалмай отырғандығын алға тартты.

"Былтыр жоспарланған, жалпы сомасы 900 млн. теӊгені құрайтын 3 жобаныӊ бірде біреуі индустрияландыру картасына енгізілмеген. "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған 18 жобаныӊ 12-і бойынша мәселе шешілмеген. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті деӊгейде жүргізілмей отыр"-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өндірісі дамыған қалада 2015 жылмен салыстырғанда былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 6,9 млрд. теӊгеден 5,8 млрд. теӊгеге кеміген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру керектігі айтылды. Жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларындағы жұмыстарды жүйелеп, жетілдіру жүктелді. Қала тазалығына баса мән беру, көпқабатты үйлердіӊ аулаларын, кіреберістерін және инфрақұрылымын реттеу кезек күттірмейтін мәселелер екені айтылды. Тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту міндеттелді.

Облыс әкімі жиын соӊында 2017 жылға Кентау қаласыныӊ әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республика, облыс тарапынан 9 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінгенін жеткізді.

- Аталған қаржы ел игілігіне жарап, Кентау қаласыныӊ дамуына серпін береді деп сенемін, - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аталған қаржыныӊ 400 млн. теӊгесі қаладағы 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдіӊ құрылысына жұмсалады. 103 млн. теӊгесі білім беру саласына қарастырылған. Оныӊ 100 млн. теӊгесі Кентау көпсалалы колледжініӊ 300 орындық жатақхана құрылысын бастауға бөлінді. 541 млн. теӊге шаһардыӊ тозығы жеткен ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында 2 нысанныӊ құрылысына, 400 млн. теӊге Қарнақ елді мекендегі су құбырларын тартуға бағытталады. 229 млн. теӊге "Болашақ", "Батыс", "Жұлдыз" шағынаудандарыныӊ инженерлік инфрақұрылымыныӊ құрылысын аяқтауға, 195 млн. теӊге Бейнеу-Бозай газ құбырынан Кентау қаласын табиғи газ жеткізу мақсатында №14 автоматты газ реттеуші стансасыныӊ құрылысын аяқтауға жұмсалады. Сонымен қатар, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 5 нысанныӊ жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 103 млн. теӊге қарастырылуда. Нәтижесінде, Кентау қаласы мен 7 елді мекендегі 89 мыӊ халық табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны