23.09.2016, 10:28 4478

Кентауда ауылшаруашылығы саласында 964,4 млн. теӊгеніӊ өнімі өндірілді

Рашид Мыӊбаевтыӊ баяндауынша, оныӊ ішінде мал шаруашылығы өнімі 684,4 млн.теӊгені құрап, 104,6 пайызға, егін шаруашылығы өнімі 280,0 млн.теӊгені құрап, 99,7 пайызға жоғарылады.

Кентау. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кентауда ауылшаруашылығы саласында 964,4 млн. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 3,1 пайызға артты. Бұл туралы Кентау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы және ағымдағы жыл жетістіктері бойынша облыстық әкімдікке жолдаған ақпаратында Кентау қаласы әкімініӊ орынбасары Рашид Мыӊбаев баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Рашид Мыӊбаевтыӊ баяндауынша, оныӊ ішінде мал шаруашылығы өнімі 684,4 млн.теӊгені құрап, 104,6 пайызға, егін шаруашылығы өнімі 280,0 млн.теӊгені құрап, 99,7 пайызға жоғарылады.

"Қала бойынша 2 гектар жылыжай салу жоспарланып, 0,9 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 45,0 пайызға орындалды. Осылайша қаладағы жылыжайлардыӊ жалпы көлемі 13,5 гектарға жетті, саны 105 бірлікті құрады. Суару әдісін 250 гектар жерге енгізу жоспарланып, жылдық жоспар 100,0 пайызға орындалды. Жалпы 523 гектарға енгізілді",- делінген сараптамалық баяндамада.

Кентау қалалық әкімдігініӊ ақпаратына сәйкес, "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 90 ірі қара мал алынып, жылдық тапсырма (200 бас) 45 пайызға орындалды.

"Құлан" бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу жоспарланған. Қазіргі таӊға 15 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 37,5 пайызға орындалды.

"Алтын асық" бағдарламасы бойынша 300 бас аналық қой алынып, тапсырма 150,0 пайызға орындалды. Жылдық жоспар 200 басты құрайды.

"Есепті мерзімде 44 бірлік шағын мал бордақылау алаӊдары ашылып, (тапсырма 43 бірлік), жылдық тапсырма 102,3 пайызға орындалды. Жалпы 186 бірлікті құрады.18 шағын жанұялық сүт аулаларын ашу жоспарланып, 11 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, жылдық тапсырма 61,1 пайызға орындалды. Жалпы 31 бірлікті құрады".- делінген ақпаратта.

"Мал басына келсек, ірі қара мал 11916 бас немесе 116,6%-ға, қо мен ешкі 56092 бас немесе 131,9%-ға, жылқы 1586 бас немесе 125,6%-ға, құс 14700 бас немесе 92,0%-ға, шошқа 59 бас немесе 67,8% құрады.Мал өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштер мынадай: ет 587,1 тонна немесе 102,9%-ға, сүт 2997,0 тонна немесе 108,4%-ға өсті, жұмыртқа 597,2 мыӊ дана болып, 114,1%-ды құрады,- деді Р.Мыӊбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны