23.09.2016, 10:46 4217

Кентауда "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ үш бағыты бойынша 7 айда 466 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Кентау қаласыныӊ халық саны 94845 адамды құрайды, оныӊ ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық - 40562 адам. Жұмыссыздар саны 2122 адамды құрап, жұмыссыздық деӊгейі 5,2 пайызы құрады.

Кентау. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кентауда "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ 3 бағыты бойынша 7 айда 466 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Бұл туралы Кентау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы және ағымдағы жыл жетістіктері бойынша облыстық әкімдікке жолдаған ақпаратында Кентау қаласы әкімініӊ орынбасары Рашид Мыӊбаев баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Кентау қаласыныӊ халық саны 94845 адамды құрайды, оныӊ ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық - 40562 адам.

Жұмыссыздар саны 2122 адамды құрап, жұмыссыздық деӊгейі 5,2 пайызы құрады.

Ресми жұмыссыздар саны 1884 адамды құрап отыр.

""Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ 1 бағыты - жергілікті инфраструктурамен дамыту арқылы және елді мекендерге орналастыру арқылы жұмыс орындарын ашу- бойынша 12 жобаны жүзеге асыру үшін 533,2 млн.теӊге қаржы қарастырылды. Жобаны жүзеге асыру барысында 95 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 7 айдыӊ қорытындысымен 6 жобаға 55 азамат жұмысқа орналасты немесе 57,8% құрады",- деді қала әкімініӊ орынбасары.

Бағдарламаныӊ 2 бағыты, яғни, ауылды жерлер мен тірек ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша 10 азамат 3 млн.теӊгеге дейін қаржыландырылды немесе 47,6% құрады. Жылдық жоспар - 21 азамат.

"Бағдарламаныӊ 3 бағыты, яғни, оқыту және қажетті шегінде қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыру арқылы 2016 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 20,0 млн. теӊге қаржы қаралып, жұмыссыз азаматтар қатарынан нысаналы топтағы 107 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды. Мерзімінен бұрын аяқтаған 7 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды",- делінген ақпаратта.

"Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ 3-ші бағыты аясында қайта даярлауға жұмыссыз азаматтар қатарынан 20 азамат жолданды. Жоспар 100% орындалды. Сондай-ақ, 34 мекемеге 132 азамат жастар практикасына жолданып, оныӊ ішінде 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған, осылайша жоспар 110% орындалды.

Барлығы 466 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты, делінген сараптамалық ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны