15.10.2008, 18:13 3140

Кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді - Қаржылық бақылау агенттігі (толық нұсқасы)

Кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді - Қаржылық бақылау агенттігі (толық нұсқасы)

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігіндегілердің пайымдауынша, кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді. Агенттік төрағасының орынбасары Мұрат Байсынов бүгін журналистерге берген сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Банктерден 5 млн теңгеден артық капиталды алып кету оқиғасы болмайтын шығар, халық керісінше, өз тәуекелдеріне хедж жасап, 5 млн теңгеге дейінгі сомаларды банктерге таратуы мүмкін, ондай жағдайда қандайбір банкті таратуға тура келген жағдайда салымшылар кепілдік берілген салымдарын толық көлемде алады", - деді М. Байсынов.

Ол сонымен бірге аталған кепілдік көлемі салымшының қандай резидент екендігіне қарамастан, Қазақстан банктеріндегі барлық салымдарға таралады леп мәлімдеді. "Бірақ бұл сомаға сыйақы ставкалары енгізілмейді, 5 млн - тек негізгі салымның көлемі", - деді М. Байсынов.

М. Байсыновтың айтуынша, "бұл - қалай дегенмен де уақытша әрі төтенше шара. Ол күшіне енген сәттен бастап үш жыл бойы жұмыс істейді. Егер банктер дәл осы мерзімде жойылатын болса, олардың салымшылары 5 млн теңгеге дейін қаржысын алады", - деді ол. Ал 5 млн теңгеден асқан көлемін банк мәжбүрлі жойылған жағдайда Қазақстан заңнамасына сәйкес, жойылу процедуралары барысында жойылу сомасынан кезекпен алады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны