22.07.2018, 20:22 4965

Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында жылма жыл 80 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өткізіледі

А. Жағыпаровтыӊ айтуынша, жолды диагностикалық құралдарды өндіріске енгізіп, сонымен жаӊғырту кезеӊ-кезеӊімен жүргізілуде. Өткен жылдан бері рельстегі ақауды ерте анықтай алатын заманауи ақаутапқыш тіркеме (жылына 100 дана) сатып алына бастады.

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Соӊғы алты жылда "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғасы азайып келе жатқандығы байқалды. Ол әрине, 7 мыӊ шақырым жолды қайта жаӊғыртып, 4 мыӊ шақырым жолды күрделі жөндеу жүргізу арқылы жақсарту шаралары арқылы мүмкін болды. Сонымен қатар, 397 локомотив сатып алынды. 24854 жүк және 1089 жолаушылар вагондары сатып алынды. Жаӊа диагностикалық құрал жабдықтарды өндіріске енгізу арқылы вагондардыӊ 90 мыӊнан астам ақаулы қосалқы бөлшектері, 67 мыӊнан астам рельс ақауы анықталды.

"Компанияда жылма-жыл жазғы мезгілде заманауи жол машиналарымен жолды жақсарту, жылдамдығын күшейту шаралары орындалады",- дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментініӊ директоры Ақболат Жағыпаров.

А. Жағыпаровтыӊ айтуынша, жолды диагностикалық құралдарды өндіріске енгізіп, сонымен жаӊғырту кезеӊ-кезеӊімен жүргізілуде. Өткен жылдан бері рельстегі ақауды ерте анықтай алатын заманауи ақаутапқыш тіркеме (жылына 100 дана) сатып алына бастады. Мобилді диагностикалық комплекс МДК автоматтандырылған жүйе арқылы жолдыӊ ақаулы тұстарын күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік әпереді.

"2018-2019 жылдары осындай алты кешенді сатып алып, барлық магистральдық желіні автоматтандырылған диагностикалық бақылауға көшеміз",-дейді А. Жағыпаров.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолды тексеру жұмысын автоматтандыру мен еӊбеккерлердіӊ кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында жылма жыл 80 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Жылына 30 дана локомотив, 2000 жүк және 80 жолаушылар вагондары сатып алынады.

Достастыққа қатысушы елдердіӊ Теміржол көлігі Кеӊесініӊ (ТЖОК) мәліметіне қарағанда, "ҚТЖ" ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігін сирек бұзатын теміржол көлігі әкімшіліктері қатарынан саналады.

ТЖОК құрамына Қазақстан, Беларусь, Ресей, Литва, Қырғызстан, Эстония, Украина, Тәжікстан, Армения, Изербайжан, Латвия, Молдова, Грузия кіреді.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны