13.12.2007, 18:16 3889

ҚЭЗ әлемде экологиялық қауіпсіз өндірісі болады-сарапшы

ҚЭЗ әлемде экологиялық қауіпсіз өндірісі болады-сарапшы

Павлодар. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ) экологиялық талаптарға сай заманауи өндіріс. Мұндай пікірді шетелдің ірі компания өкілдері білдірді деп, хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ) заманауи және барлық экологиялық талаптарға жауап береді", - деді зауыт құрылысына атсалысқан әріптестердің бірі және соңғы түрдегі фильтрді қойған "Аlston" Михаэль Энаке өндірістік тазалау фильтрлерін өндіру компаниясының норвегиялық өкілі агенттік тілшісіне берген сұхбаты кезінде.

"Біз осындай құрылысқа қатысып, заманауи әрі қуатты кәсіпорынның іске қосылуының куәгері болғанымызға қуаныштымыз", - деді ҚЭЗ алюминий шығаратын алдыңғы қатарлы технологиялық қандырғыларын орнатқан Германияның NKM Noel компаниясының өкілі агенттік тілшісіне берген жауабында.

NFS қытай компаниясының өкілі Ли Шаофен айтқанындай, "зауыттың ашылуына мемлекет басшысының келуі, бұл шараның үлкен маңызын білдіреді". "Бұл шын мәнінде де солай, сіздерде әлем бойынша ең озық электролиз зауыты салынды", - деді Л. Шаофен.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан электролиз зауытының бірінші кезегін іске қосу Павлодарда 12 желтоқсанында болды.

Қазақстанның электролиз зауыты - "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы бойынша іске қосылған бірінші жоба. Болашақта екінші кезегі іске қосылғанда зауыт жылына 250 мың тонна алюминий құймасын шығаратын қуаттылыққа ие болады. Ал толық жобалық қуаттылыққа 2010 жылы шығу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны