15.05.2014, 22:57 2779

Кез келген өндіруші ұйымдардың төлемдері ашық түрде жүзеге асады - Н. Сауранбаев

Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы ұйымдардағы табыстар қалай реттелетініндігі туралы ақпарат алады, халықты ақпараттық қамту саласы 100 пайызды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы ұйымдардағы табыстар қалай реттелетініндігі туралы ақпарат алады, халықты ақпараттық қамту саласы 100 пайызды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

"Сіздердің естеріңізде болса, 2005 жылы Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтық бағдарламасы қызметін алды. Бұл компанияның негізі екі маңызды іске тіреледі, біріншісі, табиғи қазбалар мемлекетке тиесілі, оның шығындары мен реттелу тәсілдері қоғамға айқын болу керек. Бұл аталмыш ұйым қызмет істеуінің негізі", - деді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

ҚР Үкіметі ӨСАБ қызметінің іске асыру бастамасы бойынша 2005 жылдың 5 қазандағы Өзара түсіністік меморандумында (бұдан әрі-ӨТМ) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен өнеркәсіптің өндірістік салаларындағы компаниялармен, ҚР Парламент депутаттар тобы және "Мұнай кірістері-қоғам бақылауында!" Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар коалициясының арасында қол қою арқылы міндеттемесін қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны