26.06.2008, 14:11 2435

ҚХР өнеркәсіптік базарларының қауымдастығы мен "Оңтүстік" ИКК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚХР өнеркәсіптік базарларының қауымдастығы мен "Оңтүстік" ИКК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шымкент. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "Ынтымақтастық : Оңтүстік Қазақстан - Қытай" атты Қазақстан мен Қытай бірлескен бизнес-форумының қорытындысы бойынша "Оңтүстік" ИКК -ның еншілес компаниясы "Оңтүстік өңірлік агрокешені" ЖШС мен ҚХР өнеркәсіптік базарларының қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ИКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қол қойылған құжатта екі жақтың жабдықтар сату және жылыжайларға арнап құрал-жабдықтарды бірлесе өндіру, қарбыз өңдеуге арналған жабдықтар сату, маусымдар аралығындағы кезеңде Қытайдан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу, Қазақстаннан астық пен ұн экспорттау, қосалқы ауалшаруашылығы өнімдерін (жүн және тері өңдеу) өндіруді жолға қою салаларында ынтымақтастық орнатуға ниетті компаниялар айқындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны