19.10.2018, 19:59 4556

ҚИК жаӊа ипотекалық өнімді іске қосу туралы жариялады

Ағымдағы айдыӊ соӊына қарай "Орда" ипотекасы қазақстандықтарға қол жетімді болады.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - ҚИК жаӊа ипотекалық өнімді іске қосу туралы жариялады.

Қазақстандағы еӊ ірі банктік емес қаржы институттарыныӊ бірі "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингініӊ" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы"АҚ (бұдан әрі - Компания) ипотекалық несиелендірудіӊ жаӊа бағдарламасын іске қосу туралы жариялады. Ағымдағы айдыӊ соӊына қарай "Орда" ипотекасы қазақстандықтарға қол жетімді болады.

"ҚИК" ИҰ"АҚ-ныӊ жаӊа ипотекасы Қазақстанныӊ барлық тұрғындарына бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығынан,олардыӊ жеке меншігінде басқа тұрғын үйдіӊ бар-жоғына қарамастан,жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді.Несиелендіру екінші деӊгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылатын болады, олар "ҚИК" ИҰ"АҚ-ныӊтұтынушыларды тарту менқарыз беру бойынша серіктестері ретінде әрекет етеді.

Төлем қабілеттілігін толық растаған кезде, қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз мөлшерлемесі жылдық 12%-ті, кірісті ішінара растаған кезде - жылдық 14%-тіқұрайды. Қарыздыӊ еӊ көп сомасы - 40 млн. теӊгені, еӊ азы - 1 млн. теӊгені құрайды. Қарыз мерзімі - 20 жылға дейін. Қазақстанныӊ 16 қаласында ипотека қолжетімді болады. Жасы 21-ден жоғары Қазақстанныӊ кез келген азаматы қарыз алушы бола алады.Несиені өтеу сәтінде Қарыз алушыныӊ немесе Қосалқы қарыз алушыныӊ жасы зейнеткерлікке шығатын жастан аспауы тиіс.

"Орда" ипотекасы кіріс толық расталған кезде тұрғын үй құныныӊ 30%-нен бастап және ішінара расталған кезде 50%-нен бастапбастапқы жарна төлеуді көздейді.Бұл ретте бастапқы жарна қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік түрінде қосымша кепілмен ауыстырылуы мүмкін.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ"АҚ Басқармасыныӊ Төрағасы Иділ Мұхамеджанов: "Өз миссиямызды орындай отырып - әртүрлі ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруда - біз көптеген қазақстандықтардыӊ өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуына мүмкіндік беретін ипотеканы әзірледік.Оӊтайлы сыйақы мөлшерлемесі, реттелетін қарыз мерзімі менбастапқы жарна мөлшері, кірісті ішінара растау мүмкіндігі, сондай-ақ қарыздыӊ еӊ көп қомақты сомасы-бұл бүгінгі күні нарықтағы қажет болатын икемді талаптар.Қарыз алушылар өздері үшін ыӊғайлы бастапқы параметрлерді таӊдап, ай сайынғы қолайлы төлемді анықтайды және өздеріне ұнаған кез келген тұрғын үйді сатып ала алады".

"Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасыныӊ "Ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау" бағытын жүзеге асыруаясында серіктес банктер арқылы ипотекалық өнімдерді насихаттау тәжірибесі бар Компания екінші деӊгейдегі банктермен жұмыс істеудіӊ ұқсас схемасын қолдануға ниетті: клиент пәтерді өз бетінше таӊдайды және серіктес банкпен байланысады, серіктес банк қажетті құжаттарды қабылдайды және Компанияға өтiнiш жiбередi, Компания өз кезегiнде қарыз алушыныӊ төлем қабiлеттiлiгiн тексередi және Банкке өз шешiмiн ұсынады.Өтінімді қарау мерзімі бағдарламада келісілген жағдайларды қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайды. Қарыз мақұлданған кезде кепіл ұстаушы және кепіл беруші ретінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы әрекет етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны