10.03.2020, 17:59 8154

Үкімет ұлттық экономикаға теріс сыртқы конъюнктураның әсерін азайту жөніндегі шараларды әзірледі

"Біздің ортақ міндетіміз - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аудару қажет", - деді А. Мамин.

Алматы. 10 наурыз. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 10 наурызда 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы мәселелеріне арналған Үкімет отырысы болып өтті.

1.Осы жылдың қаңтар-ақпанында ҚР ЖІӨ өсімі 3,3%-ды құрады.

2.Үкімет ұлттық экономикаға теріс сыртқы конъюнктураның әсерін азайту жөніндегі шараларды әзірледі.

3.Үкімет басшысы импортты алмастыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

4.Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалады. Барлық зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы әрі толық көлемде төленетін болады - А. Мамин

5."Біздің ортақ міндетіміз - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аудару қажет", - деді А. Мамин.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

А.ж. 9 наурыздағы жағдай бойынша мұнай бағасы бір барреліне $34 құрады. Бұл жыл басымен салыстырғанда екі есе арзан. Күн ішінде мұнай бағасы бір барреліне $31 дейін жетті.

Металдар бағасы да төмендеуді көрсетті. Мырыш бағасы - 16%-ке түсті, мыс - 12%-ке, темір кені - 4%-ке, ферроқорытпалар - 1,2%-ке төмендеді.

Әлемдік капитал нарықтарында жоғары құбылмалылық байқалуда. Жыл басынан бері америкалық биржа индекстері 14%-ке, еуропалық индекстер - 15%-ке дейін және қытай индекстері - 13%-ке төмендеді.

Бұл үрдістер сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздікті көрсетеді.

Ағымдағы кезеңде Қазақстанның кредиттік рейтингі нақтыланды. Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растады. Болжам "тұрақты" деңгейде сақталды. Бұл ретте рейтингті Standard and Poor s осы жылғы 6 наурызда, ал Fitch Ratings - 21 ақпанда айқындады.

Осы жылғы қаңтар-ақпандағы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жедел деректер

Қаңтар-ақпанда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,3% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 11,6%-ке өсті.

Жылдық инфляция 6% құрап, нысаналы дәліздің шекарасында қалыптасты.

Қаңтар-ақпанда экономиканың базалық салаларында оң серпін сақталды. Құрылыста өсу 11,9, байланыста - 10,7, өнеркәсіпте - 5,8, саудада - 3,6, ауыл шаруашылығында - 2,2% деңгейінде болды.

Қаңтарда сыртқы сауда айналымы 6,7 млрд. олларға жетті. Экспорт көлемі - 4,3 млрд. долларды, ал импорт - 2,4 млрд. долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы 1,9 млрд. доллар мөлшерінде қамтамсыз етілді.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8% құрады. Бұл ретте өңдеу секторы (9,4%) кен өндіруге (4,7%) қарағанда екі есе жоғары қарқынмен өсті.

8 өңірде өнеркәсіп көлемдері 5,9%-тен 8,3% аралығында өсті.

Орташа республикалық деңгейден төмен өсуді 9 өңір көрсетті, оның ішінде 2 өңір бойынша төмендеу байқалды (олар - Жамбыл және Қызылорда облыстары).

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

Өңдеу секторында 9,4% деңгейінде өсуге қол жеткізілді.

5 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары өсу байқалады.

12 өңір орташа республикалық деңгейден төмен өсу көрсетті, оның ішінде 1 өңір бойынша төмендеу тіркелді (ол - Жамбыл облысы).

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Осы жылғы қаңтар-ақпанда экономикаға 1,5 трлн. теңге инвестицияланды. Салынған инвестициялардың жартысы Атырау облысына тиесілі.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс секторында өсу 11,9%і құрады.

12%-тен (нысаналы өсу) жоғары өсуді 4 өңір көрсетті.

Ал 4 өңірде төмендеу тіркелді (олар - Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы).

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ

Жыл басынан бері 1,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Нұр-Сұлтан (394 мың ш.м.) және Алматы (171 мың ш. м.) қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында (217 мың ш. м.) ең көп тұрғын үй пайдалануға берілгені байқалады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығында шығарылым 2,2%-ке өсті.

Ауыл шаруашылығы бойынша 8 өңір орташа республикалық мәннен жоғары өсуге қол жеткізді.

Жалпы, екі айдың қорытындысы бойынша оң серпін сақталып отыр.

Сонымен қатар, сыртқы қауіптердің әсерін төмендету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет:

1.Сыртқы қауіптерге мониторинг жүргізу және жедел әрекет ету шараларын қабылдау;

2.Көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермеу үшін өңірлер қауіптерінің картасын анықтау;

3.Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандыру;

4.Мемлекеттік ұйымдардың, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті өндірушілердің қатысуын көбейту бойынша шараларды күшейту;

5.Жағдайдың жедел мониторингін қамтамасыз ете отырып, еңбек нарығындағы тұрақтылық мәселесін ерекше бақылау;

6.Инвестициялық жобалар пулын іске асыру үшін нақты шаралар қабылдау;

7.Әлеуметтік шығыстар мен шағын және орта бизнесті қолдайтын шығыстарды басым қаржыландыруды қамтамасыз ету.

ҚР ҚМ желісі бойынша

КІРІСТЕР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 97,3%-ке, олардың ішінде республикалық кірістер - 83%-ке, жергілікті бюджеттер - 145,3%-ке орындалды.

Республикалық бюджеттің кірістері толығымен орындалмауы келесі сыртқы факторлардың әсерінен болды.

Біріншіден, Қытай Халық Республикасында өткен жылдың соңында пайда болған корановирус эпидемиясынын таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде (факт 173 млрд.теңге, жоспар 262 млрд.теңге, атқарылу 66,2%).

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ақпан айында Қытайдан әкелінетін импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 %-ке ал физикалық көлемі 27 %-ке төмендеді (29 мың.тоннаға, 2019ж. ақпан айындағы 289 млн.доллардан 2020ж. ақпанында 258 млн.долларға).

Нәтижесінде, Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың көлемі 12%-ке яғни 2,1 млрд.теңгеге азайды (2019ж. ақпаны - 17 млрд.теңге, 2020ж. ақпаны - 15 млрд.теңге).

Жалпы есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 24%-ке (2019ж. 2 айында - 4,6 мың тавтокөлік, 2020ж. 2 айында - 3,5 мың автокөлік) және темір жол транспорты 14%-ке азайды (2019ж. 2 айында 8 мың теміржол көлігі, 2020ж. 2 айында - 7 мың теміржол көлігі).

Екіншіден, сыртқы нарықта бағалардың төмендеуі.

Мыстың бағасы - 6%-ке, алюминийдің - 5%-ке, мырыштың - 10%-ке, қорғасынның - 3%-ке төмендеуі 50%-тен астам корпоративтік табыс салығын төлемшілердің аванстық төлемдерінің азюына әсерін тигізді (азайған түсімдердің ең ірі сомалары АрселорМиттал Темиртау АҚ - 4,4 млрд.тг., ҚазТрансГаз АҚ - 4,1 млрд.тг.,Алюминий Қазахстан - 1,2 млрд.тг.).

Сонымен бірге, 18 екінші деңгейлі банктерден түсімдері 56%-ке (4 млрд.теңге) азайды.

Сыртқы теріс факторлардың әсеріне қарамастан қосылған құн салығы бойынша 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 110,5%-ке өсу қарқыны (52 млрд.теңге) қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджетердің өз кірістері 174 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 559 млрд.теңгені құрады.

Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5%-ке, республикалық - 97,1%-ке, жергілікті бюджеттері 96,9%-ке атқарылды.

Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн. 102 млрд.теңгені құрады.

Бюджет қаражаты 62 млрд.теңгеге атқарылмады, оның 10 млрд.теңгесі үнемдеу болады.

Ал, игерілмеу сомасы 52 млрд.теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23 млрд.теңгеге төмен.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 721 млрд.теңгеге игерілді.

23 млрд.теңге орындалмады.

Ағымдағы жылы республикалық бюджетте жергілікті бюджеттерге 1 трлн. 499 млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.

Есепті кезеңде оларға 97,7 млрд.теңге бөлінді.

Алдын ала деректер бойынша жергілікті атқарушы органдармен олардың 92,3%-і игерілді, яғни 90,2 млрд.теңге.

7,5 млрд.теңге орындалмаған, оның ішінде 2,3 млрд.теңге үнемдеу.

5,2 млрд.теңге игерілмеген.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША

Есепті кезеңде 334 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

187 млрд.теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.

Нәтижесінде 44 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Олардың 38 млрд.теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен жойылды.

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША

2020 жылға 68 объектіні сату жоспарланған.

Оның 34-і сатылуға қойылды.

Есепті кезеңде 6 объект 3,2 млрд.теңгеге сатылды

28 объекті сауда-саттыққа шығарылды.

3 объекті қайта ұйымдастыру және таратуға жіберілді.

31 объекті жылдың аяғына дейін сатылуға шығарылады.

Сыртқы факторларға байланысты қалыптасып отрыған экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданылатын болады.

Бірінші кезекте республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылатын болады. Оңтайландыру бойынша бағыттар белгіленген.

Біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды өткізу және басқа да имидждік шаралар. Осы бағыттар бойынша алдын-ала жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік органдар мен өңірлердің, квазимемлекеттік субъектілердің тиісті қадамдық әректтерінің Жол картасы бекітілді.

Екіншіден, кейінгі мерзімге қалдыруға болатын ағымдағы жағдайдағы басымды емес шығыстар, жобалар мен шаралар және де жаңа жобалар, олардың ішіндегі кейінге қалдыру шартымен бюджетте қарастырылған жобалар.

Сонымен қатар барлық әлеуметтік міндеттердің толық орындалуы қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, инфляцияның коридорының қайта қарастырылуын ескере отырып - зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектерді индексациялау үшін шаралар қабылданады.

Теңгенің курсына байланысты бірқатар шығыстар индексацияланады. Бұл мемлекеттің борышының қызметін көрсету, кепілдендірілген тегін медициналық көмек, шет елде Қазақстан азаматтарын емдеу, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыту және басқа да шығыстар.

Үшіншіден, бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету шеңберінде тағы бір бағыт - ол квазимемлекеттік компанияларының дивиденттік саясатын қайта қарау.

Барлық айтылған шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджетті сәуір айының ортасында нақтылау жобасын дайындау ұсынылады.

ҚР ЕХӘҚМ желісі бойныша

Бүгінгі талқыланып жатқан ахуалға орай Үкімет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындайтын болады.

Мемлекеттік бюджетте 2020 жылға 4 млн.-нан астам, әлеуметтік төлемдер алушыларға 3 трлн. 377 млрд. теңге қарастырылған.

Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың сатып алу қабілетін сақтау мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтарынан инфляция деңгейін ескере отырып барлық әлеуметтік төлемдер 5%-ке өсті, оның ішінде зейнетақы мөлшері 7%-ке, яғни инфляциядан 2%-ке ілгерілеп арттырылды.

Сыртқы нарықта қалыптасқан жағдайды ескере отырып, халық үшін мүмкін салдарын жеңілдету мақсатында барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшері инфляция деңгейіне сәйкестендірілетін болады.

Қазіргі жағдайларда, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының әлеуетін қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту бойынша барлық шаралар қабылданады.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту шараларымен 735 мың адамды, оның ішінде "Еңбек" бағдарламасы арқылы 535 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Бағдарламада дағдарысқа ден қою бойынша барлық шаралар көзделген, олар: жұмыссыздарды, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді қоса, қайта оқыту, жеңілдетілген несиелермен микро-бизнесті дамыту үшінгранттар беру, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру.

Осы шараларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен ағымдағы жылға 123 млрд. теңге көзделген (республикалық бюджеттен - 83 млрд. және жергілікті бюджеттен - 40 млрд.).

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуіне жол бермеу шараларын іске асыру мақсатында келесі шаралар ұсынылады:

әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу;

субсидияланатын уақытша жұмыс орындарымен қамтуды кеңейту;

жұмыстан босау мүмкін жұмыскерлердің кәсіптік оқытуын ұйымдастыру;

микробизнесті дамытуға арналған гранттардың санын арттыру.

Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмыспен қамтылу деңгеін сақтау мақсатында, жұмыскерлердің жұмыстан босауын жоспарлаған кәсіпорындарды, оларды жұмысқа орналастыру шараларымен қоса, күнделікті мониторингтеу күшейтілетін болады.

Кәсіпорындармен, экономика салалары арасында жұмыскерлердің ағыны жөніндегі Жол карталарын, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау бойынша меморандумдар жасау жұмыстары жалғаса бермек.

Елдегі тәуекел шеңберінде жүрген барлық кәсіпорындар, бірінші кезекте жалақы берешегіне жол бермеу мақсатында алдын алу бақылауымен қамтамасыз етілетін болады.

Және де, ең маңыздысы, мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2020 жылға жоспарланып отырған 431 мың жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 240 мың тұрақты жұмыс орнын құру бойынша жүйелі шаралар қолданылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны