28.07.2020, 00:52 8963

Үкімет отырысында электронды сауданы дамыту мәселесі қаралды

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін уақытша атқарушы Б. Мусин баяндады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электронды сауданы дамыту мәселесі қаралды.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін уақытша атқарушы Б. Мусин баяндады.

Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауданың бөлшек тауар айналымындағы көлемі бір жарым еседен аса өсті.

Премьер-Министр электронды сауданың перспективасы зор екенін, әрі экономиканың ілеспе секторлары - логистикаға, контейнерлік тасымалдауға, курьерлік қызметтерге, цифрлық сервистер мен қызметтерге, қолма-қол ақшасыз айналымға, еңбек нарығына және тағы басқаларға мультипликативті әсерін тигізетінін атап өтті.

"Біздің алдымызда электронды сауда рәсімдерін жеңілдетіп, қаржыландыруға жол ашатын, интернет арқылы мәміле жасауға сенімділікті нығайтатын, сондай-ақ киберқылмыстарға қарсы әрекет етуге мүмкіндік беретін тиімді шараларды қалыптастыру міндеті тұр", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы 2025 жылға қарай, ҚР-ның электронды сауда секторында аралас салаларды ескере отырып, шамамен 300 мыңнан аса жаңа жұмыс орны мен мамандығы ашылатыны болжанып отырғанын жеткізді. Осы ретте, Премьер-Министр Сауда министрлігіне Еңбек министрлігімен, "Атамекен" ҰКП-мен және ірі интернет-дүкендермен бірге кәсіпкерлерді онлайн-сауданы тиімді жүргізуге оқыту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді, соның ішінде, осы бағдарламаға жастарды белсенді тартуды тапсырды.

Сауда логистикасын одан әрі тиімді дамыту мақсатында сауда, цифрлық даму министрліктеріне фулфилмент-орталықтар желісін және қазіргі таңда құрылып жатқан Ұлттық тауар өткізу жүйесін дамыту бойынша Жоспарды үйлестіру, ал Қазақстанның Даму банкімен бірлесіп онлайн-саудада жаңа несиелендіру өнімдерін қарастыру мәселесін пысықтау тапсырылды.

"Инновациялық технологиялық шешімдерді қолдану осы саладағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді", - деп А. Мамин, цифрлық даму министрлігіне тиісті заң жобасын әзірлеуді жеделдетіп, Үкіметтің қарауына ағымдағы жылы ұсынуды жүктеді.

Үкімет басшысы "бір терезе" қағидаты бойынша онлайн саудадағы тұтынушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосу жұмысын жандандырып, тиімді кері байланысты жолға қоюды тапсырды.

А. Мамин электронды сауданы дамытудың 2023 жылға дейінгі Жол картасын жандандыру міндетін қойды.

Электрондық сауданы дамыту туралы

ҚР Сауда және министрлігі желісі бойынша

COVID-19 пандемиясы онлайн сауданың айтарлықтай өсуіне алып келді және B2C арналары бойынша сатуды арттырды. Интернет арқылы бөлшек сауда белсенділігінің артуы аурушаңдық пен карантин өршу кезеңінде орын алады.

B2C арналары бойынша сатудың артуы әсіресе дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық заттарды және азық-түлік өнімдерін онлайн сатуда байқалады.

Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Алайда, салық жеңілдіктерін алу үшін табыс салығын төлеуден босатылған 601 интернет-дүкен тіркелген.

"Қазпочта" АҚ мәліметіне сәйкес 2020 жылғы 1 жартыжылдықта электрондық сауда нарығының көлемі 435 млрд.теңгені құрады. Бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,4%-тін құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 900 млрд. теңгеге өсім болжануда. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш бөлшек сауданың жалпы көлемінің шамамен 13%-тін құрай отырып, 1,9 трлн. теңгеге жетеді.

Карантин кезінде онлайн сауда мен төлем операцияларын жүргізудің ұлғаюы байқалды. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылғы

1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есеге ұлғайып, шамамен 7,5 трлн. теңгені құрады (2019 жылы-2,8 трлн. теңге).

Бұрын қойылған міндет 2025 жылға қарай жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін 10%-ке дейін жеткізу болды. Алайда, карантиннің қазіргі жағдайында біз онлайн сатып алуларда елеулі өсімді байқап отырмыз, ол бізді ағымдағы жылы 2025 жылдың мақсатты көрсеткішіне жақындатты.

Бірақ электрондық сауда үлесінің өсуіне қарамастан, бізде әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшу үшін кедергілер бар. Көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақтылы жеткізе алмау сияқты проблемалар.

Электрондық сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет.

Бірінші. Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерді интернет-платформаларда ілгерлету бойынша тікелей қолдау көрсетілді.

Бүгін біз қазақстандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару бойынша елдік әріптестікті пысықтап жатырмыз. Мысалы, Alibaba платформасына "Алтын жеткізуші" ретінде 50 компания іріктелді. Бұл премиум мәртебесі жаһандық аудиторияға қол жеткізуді, маркетингтің ішінде кешенді ілгерлету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Екінші. Пандемия жағдайында жедел қарқынмен дамып жатқан қазақстандық сандық сауда алаңдарын қолдауға бағытталған шаралар қабылдануда.

Бүгінде нарықта 13 платформа жұмыс істейді.

Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және маркетингтік өнімдер мен қызметтердің 20 санатына ие тағы да басқа платфомалар.

Мысалы, ұлттық көшбасшы kaspi дүкен тапсырыстарының сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті.

Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40%-ті құраған жағдайда, салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұраймыз.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелерін пысықтау, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту талап етіледі.

Үшінші. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның жаңа нормалары шеңберінде Министрлік "бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосуды көздейді. Ол тұтынушыға өз құқықтарын қорғауға, сондай-ақ білімін және бизнес мәдениетін онлайн режимде жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша маркетплейс тақырыбы Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одағы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күн тәртібіндегі тренд болып табылады.

Төртінші. Халықаралық сауда орталығымен (ITC) бірлесіп "Ready4Trade Central Asia" ауқымды 4 жылдық жобасы іске асырылуда.

Оның мақсаты Орталық Азияның бес елінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан) ішкі аймақтық және халықаралық саудасын дамытуды қолдау.

Жоба электрондық сауданы дамыту жөніндегі компонентті қамтиды және цифрлық нарыққа шығу үшін шағын және орта бизнес әлеуетін арттыруға, сондай-ақ электрондық сауданы дамытуға ықпал ететін секторды нығайтуға бағытталған (логистиканы, IT-қызметтерінің электрондық төлемдерін қоса алғанда).

Бесінші. Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында: сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру, электрондық сауда нарығының статистикалық есебін, талдамалық және маркетингтік зерттеулерін жетілдіру, электрондық платформаларды дамыту және кеңейту, фулфилмент орталықтарының желісін кеңейту, кәсіпкерлерді оқыту жөніндегі e-commerce орталықтарын ашу бойынша бірқатар шаралар көзделуде.

Электрондық сауда саласындағы негізгі трендтерді байқағанымыздай, сандық криптоквалюталарды қолдану, омниканалды құралдарды дамыту, "уақытылы жеткізу" принципі бар роботтауды қолдану арқылы жеткізу және логистика, нақты болжау, терең талдау үшін үлкен деректерді пайдалану, қатысушыларға дербестендірілген қызметтерді қамтамасыз ету, транзакциялық комиссияларды азайту үшін блокчейн технологиясына трансшекаралық төлем жүйелеріне өту байқалуда.

Жоғарыдағы трендтерді ескере отырып, біз электрондық коммерцияның барлық қатысушыларын қолдау үшін толыққанды архитектурасын қалыптастырамыз және Қазақстандағы B2B мен B2C сегменттеріндегі көлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береміз.

ҚР ЦДИАӨМ желісі бойынша

Пандемия кезеңінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы кажеттілікке айналды. Осы бағыттардағы жұмысты ары қарай жалғастырамыз.

Одан басқа, адамдардың карантин нормаларын сақтауына әсер ететін маңызды сервис - электрондық коммерция болып табылады.

Биыл біз осы саланың қарқынды дамуын байқап отырмыз.

Ағымдағы жылдың 6 айында интернет дүкендерінде 20 млн.-ға жуық тауарлар сатып алынды.

Қазақстандық интернет магазиндерден алынған тауарлар саны биыл 7 млн-нан 14-ға дейін 2 есе өскенін айта кету қажет.

Электрондық коммерцияда 4 негізгі дамыған бағыт бар.

Олардың барлығында Отандық платформалар орын алуда.

Пандемия кезеңіндегі нарықты қарасақ адамдардың алатын тауарлар категориясы озгерген.

Киім мен косметиканы сатып алудың төмендеуі байқалады. Бірақ бұл ретте халық онлайн арқылы азық-түлік, дәрі-дәрмек және балалар тауарларын көбірек сатып ала бастады.

Қазақстанда пандемия кезінде өзекті болып табылатын көптеген тауар позицияларының өндірісі бар екенін атап өту қажет.

Тиісінше, қазақстандық өндірушілерді онлайн сатуға шығару бойынша белсенді жұмыс істеу ұсынылады.

Карантиннің себебінен FoodTech және PharmTech бағыттары дүниежүзіндегідей Қазақстанда да белсенді өсуде.

Мысалы, қазақстандық Arbuz.kz супермаркеттінде азық-түлік сатып алу 2019 жылмен салыстырғанда 7 есеге дейін өсті.

Өңірлерде азық-түлік өнімдерінің онлайн сервистерінің пайда болуы маңызды.

Бұл үшін біз Arbuz.kz, Chocofood және басқа компаниялармен жергілікті кәсіпкерлерді онлайн сатуға үйретеміз.

Сондай-ақ, фармацевтика сегментін атап өту керек.

Биыл Биосфера дәріханалар желісінде онлайн тапсырыстар саны 5 есеге дейін артты.

Бірақ, бүгін онлайн антибиотиктерді сату проблемалары бар. Себебі бұл онлайн-рецептураның болуын талап етеді.

Ол үшін біз Денсаулық сақтау министрлігімен интернет дүкендерді телемедициналық және онлайн-рецептілер сервистарымен байланыстырамыз.

Барлық қазақстандық компанияларға халықаралық стартаптармен бәсекелесуге тура келеді.

Олардың ұзақ венчурлық қаржыландырумен қамтамасыз етілгенін атап кету қажет.

Бұл үшін венчурлік капиталдың Отандық нарығын дамыту маңызды. Бұл бағытта венчурлік капиталды реттейтін заң жобасы әзірленуде.

Сондай-ақ, біз "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен QazTech Ventures қаражатын қазақстандық стартаптарға тартамыз деп келістік.

Әрине, электрондық сауда үшін негізгі құрал - логистикалық инфрақұрылымның дамуы маңызды болып табылады.

"Қазпошта" АҚның бизнеске арналған 3 фулфилмент орталықтары бар.

Нарықтық қажеттілікке сай 2025 жылға қарай елімізде 20 фулфилмент орталығын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Асқар Ұзақбайұлы, сіз қолдасаңыз, интернет дүкендерін қойма және басқа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін біз Қазақстанның Даму Банкімен бірлесіп жаңа кредиттік өнімдер жасаймыз.

Электрондық сауданың негізгі сұрақтарының бірі есікке дейін жеткізу болып табылады.

Клиенттер өз тауарларын тез және ыңғайлы түрде алғысы келеді.

Осы орайда Қазпоштаның поштоматтар, сәлемдемелер супермаркеттері және басқа да франчайзингтік пунктері қызмет көрсетуде.

Бүгінгі күні 4000-ға жуық фронт офистер бар.

Қазпоштадан басқа курьерлік қызметтерді атқаратын 1000 жуық компаниялар бар. Олар жедел жеткізу мерзімін қысқарту бойынша жұмыс атқаруда.

Қазіргі уақытта тауарлар 1-ден 3 күнге дейін жеткізіледі.

Жеткізу мерзімін ары қарай қысқарту жоспарлануда.

Еліміздің транзиттік потенциалын дамыту үшін Бонд қоймасының жобасы іске асырылуда.

Ол арқылы Еуропалық елдерге және Ресейге тауарлардың транзиті қамтамасыз етіледі.

Биыл 3 млн-ға жуық сәлемдемелер жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қазпошта Германиядан және Ұлыбританиядан Ресейге және Орталық Азия елдеріне тауарларды тасымалдауда.

Біздің міндетіміз - оффлайн кәсіпкерлердің онлайн сатуға өтуіне көмектесу.

Ол үшін біз бір қарағанда қарапайым, бірақ онлайн жұмысқа маңызды нәрселерді үйретуіміз керек.

Бұл тауарларды суретке түсіру, брендттеу және т.б.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің цифрлық сервистерге қолжетімділігінің маңыздылығын атап өту қажет.

Біз бұл арнайы сервистерді Astana Hub-қа жинаймыз.

Сіздің қолдауыңызбен, біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлерді онлайн-сатуға үйрету үшін арнайы бағдарлама құруға дайынбыз.

Бұрын айтылғандай, бұл жұмысқа салада жетістікке жеткен кәсіпкерлерді тартамыз.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін онлайн түрде сатуға шығару маңызды болып табылады.

Осы орайда, ауыл шаруашылығы өндірушілерін ірі ритейлерлермен тікелей байланыстыратын аграрлық цифрлық платформасын құру ұсынылады.

Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тікелей сатуға қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Қосымша платформа арқылы ыңғайлы банктік және логистикалық сервистерді алуға, ОРЦ-ларда тауарларды сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл барлық делдалдарды алып тастайды, сәйкесінше соңғы тұтынушы үшін баға төмендейді.

Келесі саты, осы Аграрлық Цифрлық Платформа арқылы, ауыл өнімдерінің халықаралық деңгейге шығару.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың Электрондық сауда мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің отырысына баяндамасы

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта көптеген адамдар онлайн сатып алудың тиімділігі мен ыңғайлығын түсініп үйренуде. Әлбетте, бұл үрдіс одан әрі жалғасады.

Бүгінде тұтынушылар тауар сапасына көбірек назар аударуда. Халықаралық есептерге сәйкес тұтынушылардың 40%-ті брендтің сенімділігіне қарай тауарды таңдайды.

Электрондық сауда саласындағы компаниялардың көпшілігі сатып алушыны тартудың негізгі факторлары ретінде тауарлар туралы деректердің өзектілігі мен тауарларды белсенді өңдеп сатып алушыға дейін жеткізуді атап өтуде.

Басқа әлемдік трендтердің ішінде трансшекаралық онлайн-сауданы және логистиканы дамыту үшін елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың күшеюін атап өту маңызды.

COVID-19 пандемиясы онлайн сауданың айтарлықтай өсуіне алып келді және B2C арналары бойынша сатуды арттырды. Интернет арқылы бөлшек сауда белсенділігінің артуы аурушаңдық пен карантин өршу кезеңінде орын алады.

B2C арналары бойынша сатудың артуы әсіресе дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық заттарды және азық-түлік өнімдерін онлайн сатуда байқалады.

Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Алайда, салық жеңілдіктерін алу үшін табыс салығын төлеуден босатылған 601 интернет-дүкен тіркелген.

"Қазпочта" АҚ мәліметіне сәйкес 2020 жылғы 1 жартыжылдықта электрондық сауда нарығының көлемі 435 млрд.теңгені құрады. Бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,4%-тін құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 900 млрд. теңгеге өсім болжануда. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш бөлшек сауданың жалпы көлемінің шамамен 13%-тін құрай отырып, 1,9 трлн. теңгеге жетеді.

Карантин кезінде онлайн сауда мен төлем операцияларын жүргізудің ұлғаюы байқалды. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылғы

1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есеге ұлғайып, шамамен 7,5 трлн. теңгені құрады (2019 жылы-2,8 трлн. теңге).

Бұрын қойылған міндет 2025 жылға қарай жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін 10%-ке дейін жеткізу болды. Алайда, карантиннің қазіргі жағдайында біз онлайн сатып алуларда елеулі өсімді байқап отырмыз, ол бізді ағымдағы жылы 2025 жылдың мақсатты көрсеткішіне жақындатты.

Біз табандылықты саясат жүргізу арқылы электрондық сауданы дамыту қарқынын сақтау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Осылайша, біз Сауданы дамытудың 2021-2025 мемлекеттік бағдарламасында көрсетілетін 2025 жылға қарай электрондық сауда үлесінің нысаналы көрсеткішін 15%-ке дейін қайта қарауды бастадық.

Бірақ электрондық сауда үлесінің өсуіне қарамастан, бізде әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшу үшін кедергілер бар. Көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақтылы жеткізе алмау сияқты проблемалар.

Электрондық сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет.

Бірінші. Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерді интернет-платформаларда ілгерлету бойынша тікелей қолдау көрсетілді.

Бүгін біз қазақстандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару бойынша елдік әріптестікті пысықтап жатырмыз. Мысалы, Alibaba платформасына "Алтын жеткізуші" ретінде 50 компания іріктелді. Бұл премиум мәртебесі жаһандық аудиторияға қол жеткізуді, маркетингтің ішінде кешенді ілгерлету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Екінші. Пандемия жағдайында жедел қарқынмен дамып жатқан қазақстандық сандық сауда алаңдарын қолдауға бағытталған шаралар қабылдануда.

Бүгінде нарықта 13 платформа жұмыс істейді.

Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және маркетингтік өнімдер мен қызметтердің 20 санатына ие тағы да басқа платфомалар.

Мысалы, ұлттық көшбасшы kaspi дүкен тапсырыстарының сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті.

Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40%-ті құраған жағдайда, салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұраймыз.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелерін пысықтау, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту талап етіледі.

Үшінші. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның жаңа нормалары шеңберінде Министрлік "бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосуды көздейді. Ол тұтынушыға өз құқықтарын қорғауға, сондай-ақ білімін және бизнес мәдениетін онлайн режимде жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша маркетплейс тақырыбы Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одағы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күн тәртібіндегі тренд болып табылады.

Төртінші. Халықаралық сауда орталығымен (ITC) бірлесіп "Ready4Trade Central Asia" ауқымды 4 жылдық жобасы іске асырылуда.

Оның мақсаты Орталық Азияның бес елінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан) ішкі аймақтық және халықаралық саудасын дамытуды қолдау.

Жоба электрондық сауданы дамыту жөніндегі компонентті қамтиды және цифрлық нарыққа шығу үшін шағын және орта бизнес әлеуетін арттыруға, сондай-ақ электрондық сауданы дамытуға ықпал ететін секторды нығайтуға бағытталған (логистиканы, IT-қызметтерінің электрондық төлемдерін қоса алғанда).

Бесінші. Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында: сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру, электрондық сауда нарығының статистикалық есебін, талдамалық және маркетингтік зерттеулерін жетілдіру, электрондық платформаларды дамыту және кеңейту, фулфилмент орталықтарының желісін кеңейту, кәсіпкерлерді оқыту жөніндегі e-commerce орталықтарын ашу бойынша бірқатар шаралар көзделуде.

Электрондық сауда саласындағы негізгі трендтерді байқағанымыздай, сандық криптоквалюталарды қолдану, омниканалды құралдарды дамыту, "уақытылы жеткізу" принципі бар роботтауды қолдану арқылы жеткізу және логистика, нақты болжау, терең талдау үшін үлкен деректерді пайдалану, қатысушыларға дербестендірілген қызметтерді қамтамасыз ету, транзакциялық комиссияларды азайту үшін блокчейн технологиясына трансшекаралық төлем жүйелеріне өту байқалуда.

Жоғарыдағы трендтерді ескере отырып, біз электрондық коммерцияның барлық қатысушыларын қолдау үшін толыққанды архитектурасын қалыптастырамыз және Қазақстандағы B2B мен B2C сегменттеріндегі көлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береміз.

Назарларыңызға рақмет!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны