01.10.2007, 17:04 3388

Қырғызстан "1-ші Қамбарата" СЭС құрылысын өз күшімен аяқтауға әзір - Бакиев

Қырғызстан "1-ші Қамбарата" СЭС құрылысын өз күшімен аяқтауға әзір - Бакиев


Бішкек. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан "1-ші Қамбарата" су электр станциясының құрылысын шетелдік капитал тартпай, өз күшімен аяқтауға әзір. Бұл туралы дүйсенбіде Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев Ыстық Көл облысына баған жұмыс сапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қ. Бакиев атап өткендей, республикада азық-түлік қауіпсіздігі мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шұғыл түрде шешу керек.

"1-ші Қамбарата" су электр станциясы өз күшімізбен салынады, ал "2-ші Қамбаратаны" салуға инвесторлар тартылатын болады",- деп атап көрсетті президент. Қазір республикада елдің энергетика саласындағы экспорттық әлеуеттілігін өсіруге қатысты қомақты жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп атап өтті ол. "Егір осыған қол жеткізе алсақ, онда энергетикалық қауіпсіздік мәселесі өз шешімін табады",- деп қосты Қ. Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны