27.03.2007, 17:12 3451

Қырғызстан 2007 жылы $ 66,1 млн шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр

БІШКЕК. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда ағымдағы жылы 66,1 млн көлеміндегі шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр, хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан Республикасының Қаржы министрлігі сарапшысының пікірінше, шетелдік капитал ағымы осы жылдың аяғына дейін "республиканың инвестициялық тартымдылығының өсуі есебінен" тұрақты болады.

"Банкілердің қаржылық тұрақтылығы мен экономика несиелерінің кеңейуі, өз кезегінде елдегі инвестициялық белсенділікке ынталандырады",- деп көрсетілген Қырғызстан Республикасының Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінде.

Жалпы ішкі өнім өндірісінің құрылымында өнеркәсіп үлесі алтын өндірудің өсуі есебінен де, өнеркәсіптің басқа салаларының кеңеюі есебінен де 2006 жылғы 15,9 пайыздан 2007 жылы 16,4 пайызға дейін өсуін болжап отыр.

Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің болжамы бойынша, ауыл шаруашылығы (4 пайзыға өсуі) мен қызмет көрсету саласының (5,4 пайызға өсуі) тұрақты дамуы 2007 жылғы болжам бойынга 5,5 пайызға дейін экономикалық өсуді қамтамасыз етуде айқындаушы роль атқарады.

2007 жылы сырттан алатын несиелер линиясы бойынша, Қырғызстан Республикасы мемлекеттік салаға 92,4 млн АҚШ доллары көлемінде несие алмақ. Мемлекеттік сыртқы қарыздар бойынша амортизациялық төлемдер 3,1 есеге өседі.

Илеуметтік саясат саласындағы 2007 жылғы негізгі мақсат Қырғызстан азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады. Илеуметтік саясаттың басты іс-шарасы кедейлік проблемаларын шешуге, халықтың білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру саласындағы сапалы қызмет көрсетуге кіруін көтеруге бағытталады. Осы мақсаттарда әлеуметтік дамудың барлық салаларындағы реформалар жалғасады.

2007 жылы кедейлілік деңгейі кемінде 2,5 пайызға қысқартылып, 39 пайыз шамасын құрайды, деп болжауда. Осы жылы халықтың ақшалай кірісі тұрақты көтеріледі, деп күтілуде. Халықтың ақшалай кірісінің көлемі 86,3 млрд сом (2,3 млрд АҚШ доллары) деңгейде болжанып отыр, ол нақты 2,5 пайызға өседі. Ақшалай кірістің айтарлықтай үлесін халықтың жалақысы құрайды (25 пайыз). Бүгінде Қырғызстанда еңбек ақы төлемдері саласында салалар, аймақтар және кәсіпорындар арасында айтарлықтай айырмашылық бар.

Орташа жалақының нақты өсуі номиналдық түрде 5 - 6 деңгейде, немесе 3180 сом (75,7 АҚШ доллары) болжанып отыр. Ең төменгі тұтынушы бюджеті 2100 сом (55 АҚШ доллары) көлемінде. Орташа жалақы ең төменгі тұтынушы бюджетінен 50 пайызға артық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны