29.05.2007, 15:31 2825

Қырғызстан 2007 жылы сыртқы қарызды жабуға 80 млн АҚШ долларын бөледі

БІШКЕК. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстан ағымдағы жылы несие берушілерге республиканың сыртқы қарыздарын жабуға 80 млн АҚШ долларын төлейді. Бұл туралы бүгін журналистерге Қырғызстан Республикасының қаржы министрі Ақылбек Жапаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сыртқы қарызды жабуға бөлінетін 80 миллион АҚШ долларына жуық қаржы бюджетке салынған",- деп атап өтті А. Жапаров. "Бүгінгі күнде біз 30 млн АҚШ долларын төледік",- деп қосты ол. Министрдің айтуынша, Қырғызстан сыртқы қарызын 30 -40 жыл ішінде төлеп бітіре алады. "Біздің көпжақты несие берушілерімізге негізгі қараздарды төлейтін кез келді",- деп атап өтті А. Жаппаров.

Ол сондай-ақ, елдегі Ұлттық банкте "Қырғызстан Республикасының сыртқы қарызын жабудың халық есеп шотының" ашылуы қосымша қаржы жинауға көмектеседі деген үмітін білдірді. "Мен біздің отан деп еңірегенде етегі толатын патриоттарымыздан өлудің орнына іс жүзінде көмектесуді сұраймын",- деп қосты А. Жапаров.

Үстіміздегі жылдың 30-сәуіріндегі жағдаймен Қырғызстанның сыртқы қарызының көлемі 1,997 млрд АҚШ долларын құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны