26.07.2007, 16:49 2854

Қырғызстан банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды

БІШКЕК. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанның коммерциялық банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды. Бұл туралы бүгін "Илемдік экономикадағы Орталық Азиялық қаржы раногы" атты төртінші халықаралық банкаралық конференцияда сөз сөйлеген Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Марат Алапаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қырғызстанның банк саласы қарқынды дамып келеді, шетелдік инвестор республикадағы банк бизнесіне үлкен қызығушылық танытуда, ел банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды", - деді М. Алапаев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында коммерциялық банктердің несиелік қоржыны 62,5%-ке, депозиттік базасы 11%-ке өсті. Банк секторының жиынтық таза капиталының көрсеткіші 6,7 млрд сомнан асып, жыл басынан бері 33,7%-ке өсті.

Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы сонымен бірге ел банктерінің таза пайдасы жарты жылда 643 млн сомды құрағанын, бұл өткен жылғы осы көрсеткіштен екі есе артық.

$1 38 сомға тең.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны