18.04.2008, 14:48 3166

Қырғызстан электр қуатының 1 кВт-с $0,03 экспорттайтын болады

Қырғызстан электр қуатының 1 кВт-с $0,03 экспорттайтын болады

Бішкек. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан электр қуатының 1 кВт-с $0,03 бағамен экспорттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен Қырғызстан парламентінің отырысында жер қойнауын пайдалану және энергетикалық-отын кешені жөнінде комитетінің төрағасы, депутат Юрий Данилов "Электр қуаты туралы" Қырғызстан Республикасының заңына өзгертулер енгізу жөнінде жобасын ұсынған кезде мәлімдеді, де хабарлайды агенттік тілшісі.

" Бүгінгі күні бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіліп оның бағасы келісілуде (кВт-с. $0,03 ). Электр қуатының сапасы, көлемі мен уақтылы жеткізілуіне оны шығарып тасымалдап отырған жақ жауапты болады. Электр қуаты -бұл тауардың ерекше түрі болғандықтан оған үнемі бақылау жасап отыру керек ", -деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, заң жобада электр қуатын пайдаланып, оның төлемдерін ұдайы жасамайтын тұтынушылар мен қуаттың коммерциялық жоғалтулары сияқты мәселелерге үлкен көңіл бөлінді. Жоғарғы кеңестің спикері Адахан Мадумаров атап өткеніндей, электр қуаты бойынша берешегі барлардың 44 пайызы ірі кәсіпорындар болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны