13.10.2006, 10:53 3340

Қырғызстан Қазақстаннан 50-60 мың тонна бидай сатып алады

БІШКЕК. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қырғызстан биылғы жылдың аяғына дейін Қазақстанның мемлекеттік қорынан 50-60 мың тонна бидай сатып алады. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің жанындағы мемлекеттік сатып алу және материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Жұмасарлық Нұржанов Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз жылдың аяғына дейін тағы 10 мың тонна жергілікті бидай мен Қазақстаннан 50-60 мың тоннадай бидай сатып алмақшымыз",- деді Ж.Нұржанов. Оның айтуынша, агенттік қазіргі жағдаймен 37 мың тонна астық сатып алған. "Нәтижесінде жылдың аяғына дейін 100 мың тоннадан астам бидай дайындалады",- деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны