15.01.2008, 15:24 2305

Қырғызстан парламенті мемлекеттің 2 деңгейлі бюджеттен 3 деңгейлі бюджетке көшуі жөніндегі заңнаманы құптады

Қырғызстан парламенті мемлекеттің 2 деңгейлі бюджеттен 3 деңгейлі бюджетке көшуі жөніндегі заңнаманы құптады

Бішкек. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламенті мемлекеттің 2 деңгейлі бюджеттен 3 деңгейлі бюджетке көшуі жөніндегі заңнаманы құптады. Қырғызстан Республикасы парламентінің отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұл жобаға сәйкес елде ақша құралдарын республика - облыс - ауылдық басқарма кестесімен басқару жүйесі және Қырғызстанның губернаторлары мен аудан әкімдерінің жанынан бюджет қаражаты қалыптастырылады.

Заңнама бюджет жүйесіне жергілікті бюджет ретінде кіріс және шығыс міндеттемелерінің белгіленген көзі бар ауданды енгізуді қарастырады. Сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару органарының дербестігі және жергілікті биліктің жергілікті мәселелрді шешу кезінде өз бюджеттерін басқаруы сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны