24.01.2008, 09:31 1736

Қырғызстан үкіметі Қайыңды кабель зауытының жұмысын жандандыру үшін инвестиция тартпақ

Қырғызстан үкіметі Қайыңды кабель зауытының жұмысын жандандыру үшін инвестиция тартпақ

Бішкек. 24-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметі "Қайыңды кабель зауыты" ААҚ-ның жұмысын жандандыру және тұрақтандыру үшін инвестиция тартпақ ниетте. Тиісті жарлыққа Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, үкімет Мемлекеттік мүлікті басқаратын мемлекеттік комитетке "Қайыңды кабель зауыты" ААҚ-н 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бағдарламасының жобасына енгізуді тапсырған.

Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне

зауыт қызметін жандандыру және тұрақтандыру шараларының кешенін дайындау тапсырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны