20.02.2007, 16:19 3058

Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтарында мемлекеттік бюджет кірісі 46,5 млн АҚШ долларын құрады

БІШКЕК. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтарында мемлекеттік бюджет кірісі 1,8 млрд сомды, немесе 46,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қырғызстан Республикасының қаржы министрлігінің кірісті талдау және қалыптастыру басқармасынан хабарлады.

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, бюджеттік кіріс 2005 жылмен салыстырғанда 18,1 пайызға өсті, бұл абсолюттік сомада 280 млн сомға сәйкес келеді (7,2 АҚШ доллары).

Қырғызстан кірісінің негізгі үлесі мемлекеттік қазынаны басты толтыруы көзі болып табылатын салық түсімдеріне тиесілі. Салық түсімдерінің көлемі жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,2 пайызға көтеріліп, 23,8 пайызды құрап отыр.

Салық түсімдерінің жалпы сомасы 1,5 млрд сом (39 млн АҚШ доллары) шамасында, оның 841,4 млн сомын кеден органдары, 742,9 млн сомын салық органдары қамтамасыз еткен.

2006-жылы салық кірісінің номиналдық өсімі өткен жылғы көлеммен салыстырғанда 19,7%, немесе 260 млн сомнан асты ($6,7 млн). Бұл өсу негізінен импорт салықтарының түсімі есебінен және шамалы мөлшерде ішкі өндіріс салықтарының есебінен қамтамасыз етілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны