23.02.2007, 15:24 3396

Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтарындағы Жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,4 пайызды құрады

БІШКЕК. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанда ағымдағы жылдың қаңтарындағы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,4 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының экономика және қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, 2006 жылдың қаңтарының қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,3 пайызды құраған.

Үстіміздегі жылдың бірінші айында Қырғызстанның Жалпы ішкі өнімінің номиналдық көлемі 6,7 млрд. сомды құрады. Жалпы ішкі өнімнің өсуінің бәсеңдеуін экономика және қаржы министрлігінің сарапшылары Құмтөр алтын кенін өңдеу кәсіпорындардағы өнім мөлшерінің (39,5 пайызға) төмендеуімен түсіндіреді.

Құмтөр алтын кенін өңдеу кәсіпорындардағы өнім мөлшерін есепке алмағанда экономикалық өсім қызмет көрсету саласының тұрақты жұмыс істеуінің (10,1 пайызға өсуі), құрылыс (14,3 пайызға) және аграрлық секторлардың (2 пайызға) өсуі есебінен 7,2 пайызды (2006 ждылдың қаңтарында - 8,5 пайыз) құрап отыр.

Қырғызстандағы қаңтар айындағы инфляция деңгейі 2,1 пайызды құрады (2006 жылдың қаңтарында - 1,3 пайыз). Бұл көкөніс өнімдерінің бағасының өсуіне (15,3 пайызға), сүт өнімдері, ірімшік және жұмыртқа бағасының (5,1 пайызға), майдың бағасының (2,1 пайызға), көгілдір отын бағасының (22,7 пайызға) және тағы басқа да өнім бағаларының кезеңдік қымбаттауларына негізделіп отыр. Сонымен қатар қанттың бағасы (2,1 пайызға), бензин мен жанар-жағар май (0,8-0,9 пайызға), демалыс ұйымдары мен мәдени іс-шаралардың қызмет көрсету бағасы (0,5 пайызға) төмендеген.

2007 жылдың қаңтарында сомның АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы 1,3 пайызға құнсызданып, 2007 жылдың қаңтар айының аяғында бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 38,62 сомды құрады.

Құмтөр кенін өңдеу кәсіпорындарында өнім мөлшерінің 39,5 пайызға қысқарғандығының салдарынан Қырғыстан экономикасының өнеркәсіп саласындағы өндірістің құлдырауы 6 пайызды құрады (өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда - 8,3 пайызға төмендеген). Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 4,2 млрд сомды құрап отыр.

Құмтөрді есепке алмағанда өнеркәсіптің өсімі 6,4 пайыз деңгейіне жетті (2,7 пайыз), бұл негізінен азық-түлік өнімдерін өндірудің (15,1 пайызға), басқа да металл емес өнімдерді өндірудің (41,1 пайызға), электр қуатын өндірудің (2,7 пайызға), электрлі машиналар мен электр жабдықтарының (3,1 пайызға) өсуі есебінен болып отыр. Өндірістік кәсіпорындардың үлесі (Құмтөрді қоспағанда) өнеркәсіптің жалпы көлемінің 77 пайызды құрайды, және де 2007 жылдың қаңтарында олар 3,3 млрд. сом көлемінде өнім өндірген.

Сонымен қатар, 2007 жылдың қаңтарында Қырғызстандағы негізгі капиталға салынған инвестицияны игерудің өсу екпінінің бәскеңдегені байқалады. Оның көлемі 239 млн сомды құраған, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 пайызға артық (2006 жылдың қаңтарында - 33,9 пайызға өскен), бұл негізінен ішкі инвестицияны пайдаланудың өсуі есебінен (96,3 пайызға). Сонымен қатар, халық қаржысының (2,6 есеге), сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы (2,4 есеге) есебіндегі негізгі капитал инвестициясы да өскен.

Есеп беру кезеңінде елдегі сыртқы инфестиция шетелдік несиелер көлемі (81,6 пайызға құлдыраған) мен гранттар (99 пайызға), тікелей шетелдік инвестициялардың (74,5 пайызға) төмендеуі есебінен айтарлықтай қысқарған (84 пайызға). Қаңтарда Уч-Құрған су электр станциясына, Тараз - Талас - Суусамыр, Бішкек - Қордай көлік жолдарын реаблитациялауға негізгі капиталға салынған инвестициялар пайдаланылмаған, Таш-Құмырск, Шамалды - Сайск су электр станциясына негізгі капиталға салынған инвестициялар өте төмен қарқынмен игерілген.

Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны айдың аяғында 73,7 мың адамды құрап, өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен (2006 жылдың қаңтарында - 19,7 пайызға өскен). Қырғызстанда өткен жылы орташа айлық еңбек ақының нақты өсуі 12,7 пайызды құраған, яғни бұл көрсеткіш 3059 сомды құрап отыр. 2006 жылғы сыртқы сауда айналымы 2727,2 млн АҚШ долларын құрап, 46,4 пайызға өскен.

Тауарлардың экспорты 796 АҚШ долларын құраған, бұл жеміс-жидектер мен көкөністердің, терілердің, электр қуатының, цементтің, мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорттық тасымалдануының есебінен 18,1 пайызға өскен.

Тауарлар импорты 1931,2 АҚШ долларын құраған, бұл негізінен мұнай өнімдерінің, электр байланыс және дыбысжазбаларының аппаратуралары мен жабдықтарының, киім-кешек, қант, көгілдір отын, нақты салаларға арналған машиналар, автокөліктердің тасымалдануының өсуі есебінен 62,5 пайызға өскен. Импорт көлімінің экспорттан оза өсуі 2005-жылы сауда балансының кері сальдосының $541,7 млн-нан 2006-жылы $1135,2 млн-ға дейін өсуіне алдып келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны