11.03.2008, 12:09 1610

Қырғызстанда 2008 жылға арналған инфляция деңгейін ұстап тұру бойынша шаралар жоспары жасалуда

Қырғызстанда 2008 жылға арналған инфляция деңгейін ұстап тұру бойынша шаралар жоспары жасалуда

Бішкек. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 2008 жылға арналған инфляция деңгейін ұстап тұру бойынша шаралар жоспары жасалуда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстан үкіметінің жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігі кеңесінің отырысының шешімдерін іске асыру үшін қазіргі уақытта 2008 жылға арналған инфляция деңгейін Қырғызстанда ұстап тұру бойынша шаралар жоспары жасалып жатыр.

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жоспар бір жыл ішіндегі мемлекеттік бюджет қаражатын біркелкі жұмсауға және стратегиялық қорды ұлғайтуға, салық түсімдерін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды қарастырады. Жоспарға, сондай-ақ, спекулятивті операциялардың жолын кесуге бағытталған әкімшілік шараларды қабылдау кіреді. Жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуді ұлғайту бойынша шаралар жүргізіледі. Бұдан өзге, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін мемлекеттік қолдау да қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны