09.01.2008, 17:44 2910

Қырғызстанда алдағы бес жылға арналған тарифтік саясаттың үкіметтік тұжырымдамасы қабылданады

Қырғызстанда алдағы бес жылға арналған тарифтік саясаттың үкіметтік тұжырымдамасы қабылданады

Бішкек. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда ақан айында алдағы бес жылға арналған тарифтік саясаттың үкіметтік тұжырымдамасы қабылданады. Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары Акылбек Туменбаев мәлім етті.

"Бұл тұжырымдама осы саладағы әлемдік ағымдарды, энергетика саласының даму стратегиясын және тіпті өңірдегі электр энергиясының нарығы мен оның су ресурстарының пайдаланылуы секілді мәселелелрді де ескереді", - деді А.Туменбаев.

Оның айтуынша, ЕурАзЭҚ пен ТМД аясында да осындай құжаттар дайындалуда. Ал қырғыз үкіметінің тұжырымдамасына тек Қырғызстанның ғана емес, сонымен бірге ЕурАзЭҚ елдерінің де энергетика саласындағы мамандарының жобалары қамтылады.

"Бұған қоса қуат үнемдеу қорын құру көзделуде, соның арқасында Қырғызстан өз аясында өндірілген электр қуатының үштен бір бөлігін үнемдей алады", - деді А. Туменбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны