14.05.2008, 19:06 2993

Қырғызстанда алғаш рет дизельдік отын бағасы жанармай бағасынан артып кетті

Қырғызстанда алғаш рет дизельдік отын бағасы жанармай бағасынан артып кетті

Бішкек. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың мамырында Қырғызстанда алғаш рет дизельдік отын бағасы АИ-96 және АИ-92 маркалы жанармай бағасынан артып кетті. 13 мамырдағы мәліметтерге сүйенсек, дизель отыны 31,7 сом, ал жанармай 31 сом тұрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл өсім дизель отынына деген қажеттіліктің күрт асуымен және шетелдің мұнай өңдеу компанияларының қажетті көлемдегі дизельдік отынды өндіруге дайын емес екендігіне байланысты", - деп Мұнай саудалаушылар қауымдастығының президенті Базарбай Мәмбетов жағдайға түсінік берді.

Оның айтуынша, дизель отынына деген сұраныстың өсімі көктемгі егістік жұмыстарымен және дизельді қозғалтқышпен жүретін көліктер санының артуына байланысты. Жанармай мен дизель отыны бағасының қымбаттауы сондай-ақ, әлемдегі мұнай бағасының артуы мен мұнай өнімдерінің жетіспеушілігінің салдары болмақ Бұл өз кезегінде Еуропаның энергетикалық секторының қажеттіліктері үшін Ресей мұнайына үлкен сұраныс тудырған. Ал Қырғызстанға мұнай өнімдерінің басым бөлігі Ресейден тасымалданады.

"Баға шындығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Көктемгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін жағдай тұрақтануы керек. Баға төмендейді", - деп толықтырды Б. Мәмбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны