04.02.2010, 15:14 3097

Қырғызстанда былтыр 75,1 мың тонна мұнай мен 15,4 млн текше метр газ өндірілді

Қырғызстанда былтыр 75,1 мың тонна мұнай мен 15,4 млн текше метр газ өндірілді

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстанда былтыр 75,1 мың тонна мұнай мен 15,4 млн текше метр газ өндірілді. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның Табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде мекеме басшысы Қапар Құрманалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Нефть России" ақпараттық-талдамалық порталына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, 2008 жылғымен салыстырғанда мұнай және газ өндіру жоспары тиісінше 105% және 88%-ға орындалды.

"2009 жылы 819,7 млн сомның өнімі өндірілді, бұл оның алдындағы жылдың тиісті мерзімінде өндірілегн көлемнің 79,4%-ын құрайды (1032,4 млн сом)", - деді Қ. Құрманалиев.

Қырғызстанда 2010 жылы мұнай және газ өндіру көлемін тиісінше 13,2% және 30%-ға өсіру жоспарланған, бұл 85 мың тонна мұнай мен 20 млн текше метр ілеспе газға тең, деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны