29.06.2009, 12:55 1404

Қырғызстанда бірінші ұлттық мұнай компаниясын құру жоспарлануда

Қырғызстанда бірінші ұлттық мұнай компаниясын құру жоспарлануда

Бішкек. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бірінші ұлттық мұнай компаниясын құру жоспарлануда. Бұл туралы Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев "Брасс-Ойл" ЖШҚ мұнай айдау базасына барған кезде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрманбек Бакиевтің айтуынша, жаңа құрылым "Бішкекнефтекомпания" деп аталатын болады.

"Брасс-Ойл" мұнай айдау базасы Шу облысының Мәскеу ауданы Ак-Суу кентінде орналасқан. База мұнай өнімдерін сақтау және сатумен шұғылданады. Нысанның өндірістік қуаты 19 млн 950 мың текше метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны