19.02.2008, 15:34 3212

Қырғызстанда дизельдік отынның бағасы көтеріледі деп күтілуде

Қырғызстанда дизельдік отынның бағасы көтеріледі деп күтілуде

Бішкек. 19-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда дизельдік отынның бағасы көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Мемлекеттік материалдық резервтер қорына сілтеме жасай отырып.

Осындай болжам жасаған аталмыш қор басшыларының айтуынша, бұл қадам көктемгі егіс жұмыстарымен және 2008 жылы егін егетін алқаптың 15 пайызға өсуіне байланысты.

Сонымен қатар өсіп келе жатқан нарық отын бағасын қосып отырған мұнай трейдерлерінің белсінділігін көтеруге итермелейді.

Тендер бойынша республикаға алғашқы отын тасымалы ақпан айының аяғында жетекізіледі деп күтілуде. Қырғызстанның мұнай трейдерлері қауымдастығының президенті Базарбай Мәмбетов өз кезегінде, Мемлекеттік материалдық резерв қорындағы қаржы арзан дизельдік отын сатып алуға жеткіліксіз екендігін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны