03.06.2008, 15:06 2932

Қырғызстанда күздік бидай алқаптары ұлғайтылады

Қырғызстанда күздік бидай алқаптары ұлғайтылады

Бішкек. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда күздік бидай алқаптары ұлғайтылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ауылшаруашылық, су және өңдеу өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін министрлікте осы мәселеге арналған жиналыста айтылғанындай, 2008 жылдың күзінде күздік бидай алқаптарын 300 мың гектарға дейін кеңейту керек, ал 2009 жылдың көктемінде жаздық егістіктерді 100 мың гектарға дейін ұлғайту керек. Агротехникалық мерзімдерді ұстанып, астық көлемін ұлғайту арқылы 2009 жылы астықтың жалпы көлемін 1 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген. Биылғы жылы 800 мың тонна бидай алу жоспарланып отыр.

Республикада көктемгі егістік жұмыстары аяқталуда, енді 100 мың гектар жерді жырту керек. Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың реэкспортын жасауға тыйым салу қажет. Мысалы, осындай шара орындалғанда ғана Ресейдің ауылшаруашылық министрлігі Қырғызстан Республикасына қажетті көлемде өнімді беруге дайын. Қырғызстанды азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деңгейде шаруа қожалықтарын қолдау жөніндегі шараларын дайындап жүзеге асыру керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны