13.05.2008, 16:29 16581

Қырғызстанда малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі күрт өсті

Қырғызстанда малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі күрт өсті

Бішкек. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі күрт өсті, деп хабарлайда агенттік тілшісі ауыл шаруашылық, су шаруашылығы және өңдеу өндірістер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, қаржы министрлігі бес айдан бері аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтайтын вакциналарды сатып алуға қаржы бөлмей отыр. Соның салдарынан елдің аумағында кез келген уақытта аусыл, бруцеллез, құтыру, шешек, күйдіргі сияқты аурулар ушығуы мүмкін.

Жыл сайын қауіпті бес ауруға арналған биологиялық препараттарды сатып алуға 123 млн сом қажет, алайда 2008 жылдың бюджетінде бұл мақсаттарға тек 41 млн сом қарастырылған, деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер. Сонымен бірге вакциналарды сатып алуға тек 24 млн сом белгіленген. Бұл жылдық сұраныстың бестен бір бөлігі ғана, бірақ қаржы осы күнге дейін түспеген.

Бүгінге Нарын облысының Қошқор ауданында қойлардың шешек ауруына шалдыққан алты ошағы айқындалып отыр, деп хабарлайды аграрлық ведомствосының баспасөз қызметі.

"Қазіргі күні вакциналардың барлық қоры аяқталып, оларды сатып алу үшін кемінде 52 млн сом қажет ", - деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің мемлекеттік мал дәрігерлік департаментінің директоры Қалыс Жұмақанов. Оның сөздері бойынша тендерді өткізіп, қажетті препараттарды елге жеткізу жұмыстары алты айға дейін созылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны