18.01.2007, 17:06 3644

Қырғызстандағы 2006 жылғы Жалпы ішкі өнім 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады

БІШКЕК. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстанда 2006 жылдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) номиналдық көлемі 113,2 млрд. сомды немесе 2,8 АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының экономика және қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 2,7 пайызды құраған (2005 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеген). Жалпы ішкі өнімнің өсуінің бәсеңдеуін экономика және қаржы министрлігінің сарапшылары Құмтор алтын кенін өңдеу кәсіпорындардағы өнім мөлшерінің төмендеуімен түсіндіреді. Осы кен орнын өңдеу кәсіпорынын есепке алмағанда экономикалық өсім 5,1 пайызды құрап отыр.

Есеп берген кезең бойынша Қырғызстандағы инфляция деңгейі 5,1 пайызды құрады (2005 жылы 4,9 пайыз). 2006 жылдың желтоқсанында инфляция 1,4 пайызға өскен, бұл көкөніс өнімдерінің бағасының өсуіне (10,4 пайызға), сүт өнімдері, ірімшік және жұмыртқа бағасының (4,2 пайызға), нан бағасының (5,6 пайызға), тұрғын үй қызметінің (1,7 пайызға) және т.б. кезеңдік қымбаттауларға негізделіп отыр.

Сомның АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы 2006 жылы 7,7 пайызға нығайып, өткен жылдың желтоқсанының аяғында 1 АҚШ долларына шаққандағы бағам 38,12 сомды құраса, сомның АҚШ долларына шаққандағы орташа жылдық айырбастау бағамы 1 АҚШ доллары 40,16 сомды құраған. Сом бағамының нығаюы ұсынылған шетелдік валютаның өсуі мен сыртқы нарықтағы негізгі әлемдік валюталарға шаққандағы доллар бағамының түсуіне негізделеді.

Шілдедегі апат салдарынан Құмтөр кенін өңдеу кәсіпорындарында өнім мөлшерінің айтарлықтай қысқарғандығынан (36,2 пайызға) экономиканың өнеркәсіптік секторындағы өнімнің құлдырауы 10,2 пайызды құрады. Өткен жылғы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 50,9 млрд. сомды құрады.

Құмтөрды есепке алмағанда өнеркәсіптің өсімі 4,2 пайыз деңгейіне жетіп отыр (2005 жылы 4,6 пайыз), бұл негізінен тоқыма және тігін өнеркәсібінің (19,1 пайызға), ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу (8,2 пайызға), басқа да металл емес өнімдерді өндірудің (1,8 пайызға) өсуі есебінен. Өндірістік кәсіпорындардың үлесі (Құмтөрді қоспағанда) өнеркәсіптің жалпы көлемінің 70-тей пайызын құрайды, 2006 жылы олар 35,9 млрд. сом көлемінде өнім өндірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны