03.05.2007, 16:08 2984

Қырғызстан-Қазақстан бизнес-форумы мамырда Бішкекте өтеді

БІШКЕК. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстан-Қазақстан бизнес-форумы мамырда республика астанасы Бішкекте өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Бешимов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мамырдың екінші жартысында екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен бизнес-форум өткізу туралы уағдаластық жасалды",- деді А.Бешимов.

Оның айтуынша, Қырғызстан жағы талқылауға 62 жоба дайындаған. Вице-министрдің айтуынша, "бұл мәселелер әлі де дәйектелу үстінде".

Өз кезегінде Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков бизнес-форумды президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекке ресми сапары барысында ағымдағы жылдың 26-сәуірінде өткізу межеленгенін жеткізді. Елшінің айтуынша, форумды кейінге шегеру туралы шешімді екі мемлекет басшысы қабылдаған. Кәсіпкерлерге барлық мәселелерді талқылауға жеткілікті уақыт беру үшін президенттер шараны өткізетін мерзімді кейінге шегеруге келіскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны