21.07.2006, 17:03 2881

Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалданатын электрэнергия көлемі 1,5 есе көбейді

БІШКЕК. 20 шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстаннан Қазақстанға экспортталатын электрэнергия көлемі 1,5 есе көбейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі, "Электр стансалары" ААҚ сілтеме жасап.

Акционерлік қоғамның ақпараты бойынша, үстіміздегі жылдың 18 шілдесінен бастап Қазақстанның оңтүстік аймақтарын толығымен қырғыз электрэнергиясымен қамтамасыз ету басталды. Жоспар бойынша, алдағы бір айдың ішінде оңтүстіктің тұрғындары қырғыз жарығын тұтынатын болады. Бұл, солтүстік Қазақстан мен оңтүстікті байланыстыратын жалғыз жоғары вольтті ЭТЖ-530 жөндеу жұмыстарына байланысты.

"Электр стансалары" ААҚ айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға берілетін электрэнергия көлемі 500 Мвт еді, 18 шілдеден бастап 1,5 есеге көбейіп 760 Мвт болды. Бұл, Бішкек, Шу, Ыстық-Көл және Ош облыстарын қоса алғанда жаз маусымында тұтынылатын электрэнергиямен тең.

Сондай-ақ, мәлімет бойынша компания электрэнергия экспортын 900 Мвт дейін ұлғайта алады. ЭТЖ жөндеу мерзімінде "Электр стансалары" ААҚ Қазақстанға сағатына 540 млн. кВт жеткізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны