12.02.2007, 18:05 2844

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының сүт өнімдерінің шамамен 70 пайызы Қазақстанға экспортқа шығарылады

ШОЛПАН-АТА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Ыстықкөл облысының сүт өнімдерінің шамамен 70 пайызы Қазақстанға экспортқа шығарылады. Бұл туралы "Аврора" пансионатындағы баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Ыстықкөл облысының губернаторы Қыдықбек Исаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Облыстың сүт өнімдерінің шамамен 70 пайызы Қазақстанға жөнелтіледі",- деді Қ. Исаев. Оның сөздеріне сүйенсек, қазақстандық "Vita" компаниясы өнеркәсіптің осы саласындағы көшбасшы болып саналады. Ол Ыстықкөл облысында 20-30-дай сүт қабылдау бөлімшелерін ашқан. Губернатор, сондай-ақ Қазақстанға ет, картоп және басқа да көкөністердің жөнелтілетіндігін атап өтті.

Қ. Исаев атап өткендей, облыстық әкімшілікте қазақстандық инвесторлармен жақсы қатынас орнаған. Оның сөзіне сүйенсек, облыстың көптеген ірі компаниялары қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі.

"Мен, Ыстықкөл облысының губернаторы ретінде, кез-келген инвестицияны қолдаймын",- деді Қ. Исаев. "Егер жұмыс орнын жасап, экологияны сақтап, салықтарды төлеп отырса мен үшін бұл ресейлік компания ма, қазақстандық немесе қытайлық компания ма, ешқандай айырмашылық жоқ, мен тек оларды қостаймын",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны