10.07.2013, 14:46 3196

Қырғызстанның сыртқы тауар айналымы 2013 жылдың 5 айында 8%-ға артты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, Қырғызстанның сыртқы тауар айналымы қаңтар-мамырда 2,7 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артты. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық статкомитетінің 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша жедел ақпаратында айтылған.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Қырғызстанның сыртқы тауар айналымы 2013 жылдың 5 айында 8%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, Қырғызстанның сыртқы тауар айналымы қаңтар-мамырда 2,7 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артты. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық статкомитетінің 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша жедел ақпаратында айтылған.

2013 жылдың төрт айында экспорт 540 млн долларды құрады немесе 2012 жылдың осы кезеңіндегіден 7,9%-ға аз. Ал импорт 13%-ға артып, 2 млрд 167 млн долларға жетті.

2012 жылдың қаңтар-мамыр айындағымен салыстырғанда экспорттық жеткізулердің төмендеуін тоқыма және тоқыма өнімдері (1,6 есе), өсімдік өнімдері (14,4%-ға) және алтынның (10,7%-ға) көлемінің қысқартылуына байланысты.

Импорттық түсімдердің өсуі тоқыма және тоқыма өнімдері, машина, жабдық және механизмдер, минералдық өнімдер, сондай-ақ көліктердің әкелінуі есебінен болып отыр.

Ресей, Қазақстан, Қытай, АҚШ, Жапония, Германия, Түркия, Швейцария мен Өзбекстан Қырғызстанның негізгі сауда серіктестері боп табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны