02.10.2007, 13:38 2735

Қырғызстанның үкіметі Қазақстаннан астық сатып алуға қосымша қаржы бөлуді жоспарлап отыр

Қырғызстанның үкіметі Қазақстаннан астық сатып алуға қосымша қаржы бөлуді жоспарлап отыр

Бішкек. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның үкіметі астық нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Министрлер кабинеті Заң жобасын парламентке енгізген, ал парламент оны бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Аталмыш заң жобасымен мемлекеттік резервті толтыру үшін астық сатып алуға 600 млн сом жұмсау, ал күздік егіс үшін аграрлық салаға 150 млн сом бөлу қарастырылған",- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі сейсенбіде.

Бұл мақсаттарға Талды-Бұлақ Леврбережный алтын өндіру кеніші үшін өтемақы ретінде шетелдік инвесторлардан алынған қаржы жұмсалады, деп жоспарлануда. Астықты Қазақстанна сатып алу жоспарланған.

Сейсенбіде, парламент аталмыш заң жобасын екінші оқылымда қарастырмақ. Сонымен қатар, парламент депутаттары ұн бағасы мен ұн өнімдерінің бағасының өсуіне байланысты тексеру жүргізбек.

Бүгінде бір доллар 36,9 сомды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны