08.01.2008, 16:59 2933

Қырғызстанның Ұлттық банкі жалпы баға деңгейін тұрақты ұстауды көздеп отыр

Қырғызстанның Ұлттық банкі жалпы баға деңгейін тұрақты ұстауды көздеп отыр

Бішкек. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі жалпы баға деңгейінің тұрақтылығына қол жеткізуді және оны ұстап тұруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі үстіміздегі жылдың ақша-несие саясаты туралы мәлімдемесінде хабарланған.

Мәлімдемеде хабарланғандай, мұндай мақсат өткен жылғы сыртқы монетарлық емес факторлардың әсерінен туындаған бағаның бірқатар шарықтауларының салдарына байланысты таңдап алынған.

Осыған байланысты Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі Қырғызстан Республикасының үкіметімен бірге тұтыным бағасының өсуін (инфляция көрсеткішін) 12 - 15 пайыз шамасында ұстап тұру үшін келісілген қажетті шараларды қабылдайды (2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2008 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіш деңгейі).

Мәлімдемеде көрсетілгендей, 2008 жылдың инфляция деңгейін республикадағы макроэкономикалық жағдайға сыртқы әсерлердің ықпал ету мүмкіндігінің сақталып отыруы, ішкі және сыртқы жиынтық сұраныстың өсуі, табиғи монополиялардың тарифтерінің жоспарланған өсімі, мемлекеттік сектордағы айлық жалақының өсуі, сомның айырбас бағамының ауытқушылығының өсіп келе жатқандығы, экономикадағы доллардың азаюы және ауыл шаруашылық өнімдеріне деген бағаның мезгілдік ауытқуы анықтайтын болады.

Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкінің болжамына сүйенсек, инфляцияны ауыздықтау мақсатында жүргізіліп отырған басы артық төлем қабілетін жою бойынша операциялар көлемін өсіру қажеттілігі және соның нәтижесінде Ұлттық банктің пайыздық шығындарының ұлғаюы халықаралық қордағы табыстылықтың төмендеуімен бірге алдағы жылы Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкінің табыстылық көрсеткіштерінің нашарлауына алып келеді.

Қырғызстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдарын біріздендіру бойынша жұмыстарды аяқтау басы артық төлем қабілетін жою бойынша Ұлттық банктің мүмкіндігін арттырып, қаржы нарығының тұрақтылығының нығаюына және тереңдеуіне ықпал ететін болады.

Сондай-ақ мәлімдемеде хабарланғандай, Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлеменің рөлін көтеруге Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкінің басты мөлшерлемелерін оны ақша-несие саясаты құралдарының бірі ретінде пайдалану үшін анықтауға қатысты жұмысты одан әрі жалғастырмақ.

Жеке секторды несиелеудің айтарлықтай өсуіне байланысты туындаған банк жүйесіндегі тәуекелділікті төмендету мақсатында, Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі қадағалау сапасын көтеру жолымен банк саласын нығайтуға қатысты іс-шаралар жүргізетін болады. Алдағы жылы Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі Қырғызстан Республикасының үкіметімен бірлесе отырып депозиттерді қорғау жүйесін енгізуге қатысты жұмысты жалғастырады, бұл халықтың коммерциялық банктерге деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны