04.09.2007, 15:16 3396

Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 2008 жылы 3,7 млрд АҚШ доллары деңгейіне дейін өседі деген болжам жасалды - Қырғызстан Республикасының қаржы министрлігі

Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 2008 жылы 3,7 млрд АҚШ доллары, немесе 142,3 млрд сом деңгейіне дейін өседі деген болжам жасалды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. БІШКЕК. Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 2008 жылы 3,7 млрд АҚШ доллары, немесе 142,3 млрд сом деңгейіне дейін өседі деген болжам жасалды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Жалпы ішкі өнімнің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызды құрайды. Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлес салмағы 2007 жылы 15,2 пайыздан 2008 жылы 15,5 пайызға өсуі жағына өзгеріс күтілуде",- деп айтылған баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "күтіп отырғандай, келесі жылы өнеркәсіптің өсуі Құмтөр кенішінде алтын өндіретін кәсіпорындарды есепке алмағанда 7,4 пайызды құрайды".

Қырғызстанның қаржы министрлігінің болжамына сүйенсек, "2008 жылғы жалпы ішкі өнімдегі құрылыстың үлес салмағы инвестициялық іс-қызметті пәрмендендіру нәтижесінде 2,9 пайызды құрайды". "Өнеркәсіп пен құрылыстағы нақты өсу болжам бойынша 7,3 пайыз және 9,5 пайыз деңгейінде. Ауылшаруашылығы (өсім 4,1 пайыз) мен қызмет көрсетудің (өсім - 8,7 пайыз) даму тұрақтылығы 2008 жылғы болжанып отырған экономикалық өсуді қамсыздандыруда белгілі рөл ойнайды",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, "2008 жылғы экономикалық көрсеткіштерге болжам жасау базасы 2006 жылғы алдын ала жасалған нәтижелер мен 2007 жылы күтілетін көрсеткіштер негізінде құрылған бюджетті 2008-2010 жылдарға арналған орташа мерзімді болжау аясындағы экономикалық даму көрсеткіштері болып отыр".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны