06.12.2007, 17:15 3557

Қырғызстанның ЖІӨ 2007 жылдың қорытындысы бойынша 7,5% құрайды

Қырғызстаның ЖІӨ 2007 жылдың қорытындысы бойынша 7,5% құрайды

Бішкек. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның ЖІӨ өсімі 2007 жылы 7,5%, ал 2008 жылы - 7% құрайды. Бұл болжамдарды Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бас маманы Рики Ишии Бішкекте жасаған баяндамасында келтірді деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қырғызстанда биылғы 2007 жылы ЖІӨ өсімі 7,5% құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7% жоғары", - деп атап өтті Р. Ишии.

Оның сөздеріне қарағанда, 2007 жылы ел экономикасы жоғары көрсеткіштерге жетеді деген болжам айтылған болатын. Алайда, шын мәнінде оған жазда басталған несиелік дағдарыс кері әсерін тигізді. ЕДҚБ сарапшысы түсіндіргеніндей, бұл дағдарыс "болашақта көрсеткіштердің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін".

Р. Ишиидің пікірі бойынша, Қырғызстанның экономикалық өсу деңгейінің төмендеуіне Қазақстанның қаржы нарығындағы мәселелері әсер ету мүмкін, өйткені, Қырғызстанның коммерциялық банктерінде шоғырланған шетелдің капиталдың бір бөлігі қазақстандық инвесторлардың үлесінде. Соған қарамастан, ЕДҚБ баяндамасында көрсетілгеніндей, Қырғызстанның экономикалық өсуі "жалпы қолайлы".

Сарапшы атап өткеніндей, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп өткізілген зерттеулер бойынша, Қырғызстан тұрғындарының тек 4 % орта класты қалыптасыруда. Р. Ишии айтқанындай, бұл бұрынғы кеңес одағы елдерінен әлде қайда төмен, бірақ Тәжікстан мен Өзбекстан көрсеткіштерінен жоғары.

ЕҚДБ ҚА өз қызметін 1993 жылы бастап, осы уақытқа дейін 200 млн еуроны құрайтын 49 жобаның қаржыландыруын бекітті. ЕҚДБ шағын және орта бизнес бағдарламаларын қаржылындыру арқылы Қырғызстанда 125 мың жұмыс орнын ашып, қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны