03.10.2011, 15:47 4374

Қыркүйек айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 16 мың 844 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 2,8 пайызға азайған.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Қыркүйек айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 16 мың 844 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 2,8 пайызға азайған.

"Дегенмен, бұл көрсеткіш 2010 жылғы қыркүйектен 17,4 пайызға артық. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу 14,8 пайыз, жемістер мен көкөністер - 14,6 пайызды, нан және жарма өнімдері - 7,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер 2,6 пайызды құрады", - делінген баспасөз айғағында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны