01.10.2012, 10:51 3069

Қыркүйек майында Қазақстандағы инфляция 0,6%-ды, жыл басынан бері - 3,9%-ды құрады

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік бағасы 0,4%, ақылы қызмет - 1,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,2% қымбаттаған.

Алматы. 1-қазан. Kazakhstan Today - Қыркүйек майында Қазақстандағы инфляция 0,6%-ды, жыл басынан бері - 3,9%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік бағасы 0,4%, ақылы қызмет - 1,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,2% қымбаттаған.

Жыл басына бері инфляция 3,9%-ды құрады.

Биылғы жылдың басынан бері азық-түлік 3,2%, азық-түліктік емес тауарлар - 2,2%, қызмет - 6,5% қымбаттапты.

Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бері ақша 5% құнсызданса, азық-түлік 4,4%, басқа тауарлар 3,4%, ақылы қызмет құны 7,5% артқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны