18.09.2012, 10:13 3438

Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі 3,5% құрады

Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 103,5% құрады. Оның ішінде өткен 8 ай ішіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3010,4 млрд теңгені құрап, 3,1% артқан.

Астана. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі 3,5% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 103,5% құрады. Оның ішінде өткен 8 ай ішіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3010,4 млрд теңгені құрап, 3,1% артқан.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, үстіміздегі жылғы қаңтар-тамыз айларындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10687,9 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 0,7% көп.

Тау-кен өнеркәсібіндегі және карьерлердегі өндіріс былтырғы деңгейде қалды, өңдеу өнеркәсібінде 1,4%, электрмен жабдықтауда, газ беруде, буды және ауаны алмастыруда 5,4% өсті. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, өндіріс қалдықтарын жинап, таратуда 8,2% төмендеді.

Сонымен қатар, жалпы өнім өндіру көлемі (қызмет көрсету) ауыл шаруашылығында 794,4 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-тамыз айларына қарағанда 0,3% аз.

ҚР Статистика агенттігінің ақпары бойынша, 2012 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Қазақстаннның сыртқы сауда айналымы 77982 млн АҚШ доллары көлемінде белгіленіп, 17% өсімді көрсеткен, оның ішінде экспорт - 54087,5 млн АҚШ доллары, импорт - 23894,5 млн АҚШ доллары.

20102 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайға қарағанда, тіркелген заңды тұлғалардың саны 312902 бірлікті құрап, өткен жылғы осы мерзімге қарағанда 5,7% артқан. Өз кезегінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны - 171854, тіркелген шағын кәсіпкерліктер субъектілерінің саны - 226647 бірлік құраған, өсім 6,2 %.

Жұртшылықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірісі осы жылғы шілдедегі баға бойынша 51068 теңге болған, 2011 жылғы шілдемен салыстырғанда өсім номинал бойынша - 9,9%, нақты ақша кірісі бойынша 5% құрайды.

2012 жылы жұмыскерлерге жазылған орташа номиналды еңбек ақы 106620 теңге, 2011 жылғы шілдеге қарағанда өсім - 14,7%.

Сонымен қатар, 2012 жылғы тамыздағы жұмыссыздар саны 467,8 мың адам болған. Экономикалық белсенді халық санына қарағанда жұмыссыздық деңгейі - 5,2%.

Халықтың әл-ауқатының ұдайы өсу үстінде болуы - ҚР Үкіметінің басты мақсаты болып табылады. Таяудағы бес жыл ішінде Қазақстан табысы жоғары елдер қатарына кіруі қажет. 2016 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 15 мың АҚШ долларынан кем болмауы қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны