25.01.2010, 18:17 3321

Қытай әлемдегі екінші орындағы алмаз тұтынушы нарыққа айналды

Қытай әлемдегі екінші орындағы алмаз тұтынушы нарыққа айналды

Алматы. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Зергерлік бұйымдарды жасауға арналған өңделген алмазды импорттау көлемі бойынша Қытай Жапонияны басып озып, әлемдегі екінші орындағы алмаз тұтынушы нарыққа айналды, ол алға тек АҚШ-ты ғана жіберіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шанхай алмаз биржасының мәліметінше, былтыр осы биржа арқылы өткен алмаздың экспорт және импортының көлемі мен онда жасасқан келісім-шарттардың көлемі 1,5 млрд доллардан асып, 2008 жылғымен салыстырғанда 16,4%-ға өсті. 2009 жылы жай сауда аясында елге өңделген алмаз импорттау көлемі 699 млн долларға жетті, бұл - оның алдындағы жылмен салыстырғанда 30,7%-ға артық.

2009 жылы Шанхай алмаз биржасы мүшелерінің саны 243 болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны