14.02.2011, 15:43 4175

Қытай экономикасы Жапонияны артқа тастап, дүниежүзі бойынша екінші орынға шықты

Қытай экономикасы Жапонияны артқа тастап, дүниежүзі бойынша екінші орынға шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Қытай экономикасы Жапонияны артқа тастап, дүниежүзі бойынша екінші орынға шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қытай экономикасы Жапонияны басып озып, дүниежүзіндегі екінші орынға көтерілді.

Жапония Министрлер кабинетінің мәліметінше, 2010 жылдағы жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші 5,47 трлн. АҚШ долларын құраған. Ал Қытайда бұл былтырғы жылы 5,8 трлн. доллларға жеткен.

Бұл көрсеткіштер Қытай эконмикасы осы орыннан1968 жылдан бері жылжымай келе жатқан Жапонияны басып озып, әлем бойынша екінші орынға шыққанын дәлелдейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны