30.12.2008, 14:44 3022

Қытай Халық Республикасында "меламин дауына" қатысы бар 22 компания зардап шеккендерге өтемақы төлейді

Қытай Халық Республикасында "меламин дауына" қатысы бар 22 компания зардап шеккендерге өтемақы төлейді

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Қытай Халық Республикасында "меламин дауына" қатысы бар 22 компания зардап шеккендерге өтемақы төлейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьцзинбао"газетіне сілтеме жасап.

"Қытайда сапасыз сүт өнімін тұтыну салдарынан зардап шеккендер түгел кешікпей "меламин дауына" қатысы бар өнім өндіруші 22 компаниядан ақшалай өтемақы алады", - деп хабарлайды Қытайдың сүт өнеркәсібі қауымдастығы.

"Синьцзинбао" газетінің хабарлауынша, ҚХР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, шамамен 300 мың бала құрамында меламині бар сапасыз сүт өнімін тұтынғаннан кейін ауруханаларда зерттеуден өтуге немесе емделуге мәжбүр болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны