14.09.2016, 12:06 2055

Қытай Халық Республикасыныӊ делегациясы Ақмола облысындағы омарташылық шаруашылығында болып қайтты

Қытайдан келген қонақтар ақмолалық омарташылардыӊ еӊбегін жоғары бағалады және қазақстандық балдыӊ сапасына риза болды.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қытай Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ инспекцияны тексеру мен карантинін қадағалау бас басқармасы төрағасыныӊ орынбасары Мей Кебао басқарған Қытай Халық Республикасыныӊ делегациясы Аршалы ауданыныӊ Бабатай бекетіндегі омарташылық шаруашылығында болып қайтты. Ол Ақмола облысындағы ірі және тәжірибелі омарташы Анатолий Добровольскийдіӊ шаруашылығы.Алдағы күні ақмолалық ара өсірушілермен ынтымақтастық туралы келісім жасалады, деп хабарлады Ақмола облысыныӊ ішкі саясат басқармасы.

Қытайдан келген қонақтар ақмолалық омарташылардыӊ еӊбегін жоғары бағалады және қазақстандық балдыӊ сапасына риза болды.

Қытайдан келген қонақтар туралы Анатолий Добровольский бір-екі ауыз сөз айтты. Оныӊ айтуы бойынша, Қазақстанда омарташылықтыӊ дамуына көп көӊіл бөле бастады.

"ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі омарташылық сала тиімді екендігін түсінді. Бұл - еліміздіӊ экономикасына қосымша капиталдыӊ ағыны болып табылады",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны