24.02.2010, 15:21 3393

Қытай Қазақстан экономикасына 8,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды - Саудабаев

Қытай Қазақстан экономикасына 8,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды - Саудабаев

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қытай Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі атанып отыр, оның біздің елге салып отырған инвестициясының жалпы жиынтығы 8,4 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайды. Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясында баяндама жасаған Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Министр сондай-ақ, 1992 жылдан бері Қазақстан мен Қытайдың арасындағы екіжақты сауда-саттықтың көлемі 25 есеге өсіп, 2008 жылы рекордтық көрсеткішке - 17,5 миллиард долларға жеткенін айтты.

"Илемдік дағдарыс аталған көрсеткіштерге, сөзсіз, теріс әсерін тигізбей қоймады. Дегенмен, 2009 жылдың қорытындысы мен перспективалық бірлескен даму жоспарлары, рекордтық көрсеткішке әлі қайта оралатынымызға сенім береді", - деп атап көрсетті Қ.Саудабаев.

Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, елдің маңызды инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға берген 13,5 миллиард доллар көлеміндегі қаржылай көмегі үшін Қытай үкіметіне алғыс білдіріп, "осынау қадам Қазақстанның жаһандық қаржы дағдарысының теріс салдарын еңсеруінде маңызды рөл атқарды", деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны