27.09.2012, 09:54 5611

Қытай Қазақстанда жасалған көліктерді сатып алмақ

Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Бүгін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚХР ШҰАР Тарбағатай округы партиялық комитетінің бірінші хатшысы Жан Ян бірлескен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қоя отырып, жоғарыда айтқанымызды дәлелдей түсті.

Өскемен. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қытай Қазақстанда жасалған көліктерді сатып алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қытай Қазақстанда жасалған 150 көлікті сатып алмақ, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Бүгін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚХР ШҰАР Тарбағатай округы партиялық комитетінің бірінші хатшысы Жан Ян бірлескен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қоя отырып, жоғарыда айтқанымызды дәлелдей түсті.

Ақпарат көзіне сүйенсек, келісімшарт біздің елде шыққан тауарларды, соның ішінде автокөліктерді Қытай Халық Республикасында сатуға қатысты болып отыр.

Жан Ян мырзаның сөзіне сенсек, Қытай "Азия Авто" зауытында құрастырылған көліктерді өз елінде сатуға мүдделілік танытқан.

"Алдымен 150-ге жуық көлік сатып алуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, олар ауыл шаруашылығы саласындағы тауарларға да қызығушылық білдірген. Тараптар туризм мәселесін сөз еткенде, Қытай өкілдері барынша көп туристерді тартуға дайын екендерін жеткізген.

Қорыта айтсақ, табиғаты таңдай қақтыратын Шығыс Қазақстан облысы қытайлықтарды тағы бір мәрте тамсандырып, Жан Ян мырза облысты "биікке талпынған бүркітке" теңеп кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны