29.08.2012, 10:49 3228

Қытай қазақстандық астықты сыртқа шығарудың перспективалық нарығы болуда

"Қазақстандық астықты экспорттаудың перспективалық бағыты Қытай және оның аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығы болып отыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық астықты сыртқа сатудың перспективалық нарығының бірі Қытай Халық Республикасы болуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылғы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстандық астықты экспорттаудың перспективалық бағыты Қытай және оның аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығы болып отыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, отандық астықты сатудың перспективалық нарықтары қатарында Солтүстік Африка мен Парсы шығанағы да аталуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі атап өткендей, әдетте қазақстандық астықты импортқа алатын Орта Азия, Закавказ, Иран және Ауғанстан елдері нарығының 6,5-7 млн тоннаны құрайтын сыйымдылығы Қазақстанның экспорттық әлеуетін толығымен жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды.

Атап өту қажет, 2012-2013 маркетингтік жылы шамамен 12 млн тонна астықты экспорттау жоспарланып отыр, оның ішінде 9 млн астық және 2,1 млн тонна ұн бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны