19.01.2016, 18:02 4087

Қытай компаниясы ҚР-да ет өндірісі бойынша кәсіпорын құруға 11 млн доллар бағыттайды - Е.Ахметов

"Rifa Holding Group" қытай компаниясы Қазақстанда ет өӊдейтін кешен құрылысына 11 млн доллар бағыттайды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаментініӊ директоры Еркебұлан Ахметов

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Rifa Holding Group" қытай компаниясы Қазақстанда ет өӊдейтін кешен құрылысына 11 млн доллар бағыттайды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаментініӊ директоры Еркебұлан Ахметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, аталған кластер аясында жалпы жылдық қуаттылығы 17 мыӊ тонна өнім болатын қозы мен қой етіне бағытталған ет өӊдейтін кешенніӊ құрылысы жоспарланған. Бұдан өзге, мал бордақылайтын алаӊдар және отарлы мал шаруашылығы бар фермерлік қожалықтар құру жоспарланған, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, АШМ өкілініӊ мәліметінше, 2016 жылдыӊ 17 қаӊтарында қазақстандық "Актеп" компаниясы және "INALCO Eurasia" еуропалық компаниясы арасында етті өндіру және қайта өндеуді дамытуға стратегиялық инвесторларды тартуды жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Аталған келісім аясында жалпы қуаттылығы 44 мыӊ бас малды бір уақытта бордақылайтын бордақылау алаӊдары желісін құру қарастырылған, ет комбинатын жылына қуаттылығы 20 мыӊ тоннаға дейін ет және ет өнімдерін өндіруге арттыра отырып, жаӊғырту жоспарланған.

"INALCO Eurasia" компаниясы қазақстандық ет брендын қалыптастыруға және Ресей Федерациясы мен Еуропа елдерін ет экспортымен қамтамасыз етуге ниетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны