23.02.2009, 17:15 3188

Қытай мен Ресейде қосалқы құрамды бөлшектер сатып алатын Қазақстандық компаниялар үшін екі несиелік желі ашылды - Кәрім Мәсімов

Қытай мен Ресейде қосалқы құрамды бөлшектер сатып алатын Қазақстандық компаниялар үшін екі несиелік желі ашылды - Кәрім Мәсімов

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қытай мен Ресейде қосалқы құрамды бөлшектер сатып алатын Қазақстандық компаниялар үшін екі несиелік желі ашылды. Бұл туралы Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астана қаласында өткен Қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілердің жалпы ұлттық форумы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қытай Халық Республикасы мен Ресейде қосалқы құрамды бөлшектер сатып алатын Қазақстандық барлық компаниялар үшін екі несиелік желі ашылды. Ресейдің Внешэкономбанкі Даму банкі мен "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ үшін $3 млрд рубльдің несиелік желісін ашатындығы жөнінде ұйғарым жасалды. Өнімді сатып алуға тікелей ақша жұмсамауға мүмкіндік туды. Ал Қытайда 5 млрд долларға парапар юаньнің желісі ашылды", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны